Выйти
RU

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін субсидиялау жыл сайын артуда деп хабарлайды облыстық ауылшаруашылығы басқармасының баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Былтыр Қызылорда қаласында көлемі 2,2 гектарды құрайтын «КазАгроМир» ЖШС-нің заманауи автоматтандырылған жылыжай кешені толықтай іске қосылды. Жобаға 143,0 млн. теңге инвестициялық субсидия төленген. Бүгінде жылыжайдан күніне 5-6 тонна өнім жиналып, ішкі нарықты қияр өнімімен қамтамасыз етіп отыр. 40- тан аса адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпорыннан биыл 300 тонна қияр жиналған.

Сондай-ақ, өңірде шаруашылық құрылымдары тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бойынша өтінімдер тапсырып, қаржыларын алған. Қызылорда қаласына қарасты «Ы. Жахаев атындағы» ҒЗИ, Сырдария ауданына қарасты «Мағжан и К» және Қармақшы ауданына қарасты «Жаңажол» ЖШС-тері егіске пайдаланатын азотты және фосфорлы тыңайтқыштары үшін 174,1 млн. теңге субсидия алған. Нәтижесінде, аталған шаруашылықтар дақылдың өнімділігін арттыру мақсатында құрамында микроэлементтері бар тыңайтқыштарды қолдануда.

Ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда

Фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Мал шаруашылығы бойынша ағымдағы жылы Қазалы ауданына қарасты «Қуанышбаева» ЖК «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 50,0 млн. теңге несие қаражатын алып Ресей Федерациясынан 80 бас ет бағытындағы асыл тұқымды МІҚ малының аналықтарын облысқа жеткізген. Ал, Шиелі ауданына қарасты «Айболат» шаруа қожалығы өз қаржысы есебінен 24,0 млн. теңгеге Шығыс Қазақстан облысынан отандық ет бағытындағы асыл тұқымды МІҚ аналықтарын алып келіп, әр басына 150,0 мың теңгеден 12,0 млн. теңге субсидия алуға қол жеткізген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда