Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімнен тепті": Күйеуінің қуып жібергенін айтқан жүкті келіншек жұрттан көмек сұрады

Опубликовано:

Желіде күйеуі үйінен қуып жіберген әйел көпшіліктен көмек сұрады. Оның сөзінше, ұйып отырған отбасыға жолдасының ата-анасы түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алаш айнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Сəлем, қыздар. Көптің кеңесіне мұқтажбын. Тұрмыстағы əйелмін, 1.5 жасар қызым мен ішімде алты айлық балам бар. Дəл қазір төркіндемін, бір айдай болды. Төркінде жүру себебім, күйеуіммен ұрысып қалдық. Мені ұрып, ішімнен теуіп, кет деп қуды. Менің еш жазығым жоқ еді, ата-енеммен ұрысып қалған екен, соның ашуын менен алып жатыр.
  • Атам мені ішіп алып боқтаса да, енем бар туысқанға өсектесе де күйеуім мен балаларым үшін шыдап жүрген едім. Енді артымнан не ата-енем, не күйеуім келмеді. Өзің кеттің ба, өзің кел деп... Енеммен бірге жұмыс істеймін, не ол бір ауыз бір нəрсе демеді, танымағандай жүре береді.

Екі-үш күннен соң қызымның киімдерін алуға барсам, атам бұл саған "проходной двор" емес, кет, дүниеңді де алып кет, не болмаса өртеп жіберемін" деп мені боқтап жіберді.

Сосын менің ата- анам "жастардың бақытын ойлайық, бала-шағасынан обал" деп барған еді, сенің қызың үйдің берекесін алды, кете берсін, алимент те төлеймін деп отыр атам. Осы босанғалы бері қиналдық депті, кіп-кішкентай қызымды құтсыз деп отқаны жаныма батты.

Қиналғанымыз рас, бірақ осы қызым 8 айлық кезінде жұмысқа да шығып кеттім, не бір сүтін, не "памперсін" алып бермеді. Әйтпесе алғашқы немересі.

Енді күйеуім сенің əке шешең неге келеді, араласпасын өмірімізге, қыздарын өлтірсем де өзім білемін деп отыр. Келсең есігім ашық, келмеймін десең жүре бер деп ақыры соңы менің əке-шешемді кінəлі қылып отыр. Кредит те алып берген едім, "өзің төлеп ал" деп отыр. Бөлек шығып кетейік десем, мен шықпаймын дейді. Не ақыл қосасыздар, қыздар?!", - деді жүкті келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862494-isimnen-tepti-kjeuini-kuyp-zibergenin-ajtkan-zkti-kelinsek-zrttan-kmek-srady/

pixel