RU

Түркістан облысында бақташы өзі бағып жүрген қойларды сатып жіберген

Түркістан облысы Түлкібас ауданында бақташы өзіне сеніп тапсырылған қойларды сатып жіберген. Төрт түліктің иесі біршама уақыттан кейін қойларын түгендеуге барғанда 10 бас саулығының жоқ екенін анықтаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ррррр
Көрнекі фото: stav.pk.ru: Facebook

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қойларын жоғалтқан жергілікті тұрғын полицияға арызданған.

Ол өз арызында ауданның ауылдарының біріндегі шаруа қожалыққа 15 бас саулық қойын апарып қосқанын жеткізген.

Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы куәгерлерден жауап алып, жақын аймақтарды аралап шыққан. Үш тәуліктен соң бұл қылмысқа жәбірленушінің өзі малын сеніп тапсырған бақташының қатысы бар екені анықталады.

Ол Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде бақташы өз кінәсін толық мойындаған.

«Тергеу барысында бақташы қойларды түрлі бағаға бағалап, Түлкібас ауданында сатып жібергені белгілі болды. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары сатылған малдарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарған. Қазіргі таңда бақташы Түлкібас АПБ-не жеткізіліп, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің бас шарасы қолхатта», - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862892-trkistan-oblysynda-baktasy-zi-bagyp-zrgen-kojlardy-zibergen.html