Выйти
RU

Ұстаз Абдуғаппар Сманов 50 жасында дүниеден озды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сарыағаш медресе колледжінің директоры, ұстаз Абдуғаппар Сманов дүниеден озды деген суық хабар тарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұстаз Абдуғаппар Сманов дүниеден озды

Фото: Instagram

Дінтанушының жаназасы бүгін сағат 19:00-де өтеді.

Абдуғаппар Сманов 1970 жылы 22 ақпанда дүниеге келген.

1994 жылдан бастап «Таяқты Ешан» мешітінде бас имам болып, «Таяқты Ешан» мешіті жанындағы « Убай ибн Кааб» медресесінде ұстаздық қызметін қатар алып жүрді .

2010 жылдан бастап «Сарыағаш медресесінің» директорының орынбасары. 2016 жылдан «Сарыағаш медресе колледжі» директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

2016 жылы желтоқсан айынан бастап «Сарыағаш медресе колледжінің» директоры лауазымын алды.

Әлеуметтік желіде көпшілік дінтанушы ұстаздың қазасына қайғырып, көңіл айтуда.

Айта кетейік, күні кеше Елбасының інісі Болат Назарбавтың әйелі Назарбаева Гүлжан Әбішкеліні қайтыс болды. Қаралы хабар жайлы "Айша" қоғамдық қорының жетекшісі Айша хажы Әбішкеліні желіде жазды.

Елбасымның туған бауыры Бөкеңнің бәйбішесі, ГН сапа белгісінің иесі Үшқоңыр баурайындағы Шамалған ауылында Шұбарат атты мейрамхана ашып, бүкіл ағайын ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған меймандарды қабақ шытпай қарсы алатын, бәрінің қас-қабағын айтпай танып, шамасынша айналасындағыларға көмек-жәрдем беретін сынық мінезді, сырбаз көңілді, кең пейілді абзал жан еді...", - деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ұстаз Абдуғаппар Сманов 50 жасында дүниеден озды