Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пандемия ұзаққа созылды": Надыров алматылықтардан көмек сұрады

Опубликовано:

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров Facebook-тегі парақшасында қалада медициналық кадрлардың тапшылығы барын және медициналық қызметкерлер мен еріктілер қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Пандемия ұзаққа созылды": Надыров алматылықтардан көмек сұрады
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Надыровтың айтуынша, пандемия ұзаққа созылды және төрт айдан бері алдыңғы қатардағы медицина қызметкерлері індетті жоюды көздеп, тәулік бойы күресіп келеді. Алайда қосымша күштер қажет, қосымша ауруханалар ашу қажет екенін айтып, шенеунік көмек сұрады.

Шұғыл медициналық көмек қызметін күшейту қажет. Содан кейін медициналық кадрларға қажеттілікті өтеу үшін қосымша қызметкерлер құрамын қалыптастыру керек.

"Қазіргі уақытта дәрігерлерге, провизорлы және жұқпалы аурулар ауруханасында қызмет жасайтын орта және кіші медициналық қызметкерлерге, зертхана мамандары мен еріктілерге зәру болып отырмыз",– деді денсаулық басқармасының басшысы.

Еске сала кетсек, бүгінде Қазақстанда коронавирус инфекциясының 40 мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Елде аурудың клиникалық көрінісі бар науқастарды алғашқы белгілері жоқ ауру жұқтырғандардан бөліп қарауды тоқтатты, нәтижесінде инфекциялар саны екі есе өсті.

Бұған дейін Алматыдағы ауруханаларының 95%-ы толғаны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862952-pandemia-zakka-sozyldy-nadyrov-almatylyktardan-kmek-srady/

pixel