Выйти
RU

Министрдің орынбасары халықты үйде отырып, өзін-өзі емдемеуге шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте вирустық инфекция кезінде неліктен антибиотиктерді өз бетінше қабылдауға болмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрдің орынбасары халықты үйде отырып, өзін-өзі емдемеуге шақырды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Людмила Бюрабекова Қазақстанда коронавирусты емдеу туралы өзгертілген хаттамаға сәйкес, бактерияға қарсы препараттар пациенттерге вирустық инфекциямен қатар бактериялық инфекция жұққан жағдайда ғана тағайындалатынын хабарлады.

Айта кету керек, бактериялық инфекция пневмонияны тудырады. Сол кезде ғана науқасқа антибиотиктер тағайындалады екен.

Министрдің орынбасары әртүрлі дәрі-дәрмектерді ешбір дәрігердің бақылауынсыз, өз бетінше қабылдайтын қазақстандықтарға өзін-өзі емдемеуге кеңес берді.

Антибиотиктерді қабылдағаннан кейін адамның ағзасы оларға үйренісіп кетуі мүмкін. Сол себепті, кейінірек, коронавирус жұқтырған жағдайда дәрігерлер науқасқа антибиотик жазып берсе, ол адамға көмектеспей қоюы ықтимал. Бұл ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердегі денсаулық сақтау басқармаларының өлім-жітім статистикасы неліктен сәйкес келмейтінін түсіндірген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министрдің орынбасары халықты үйде отырып, өзін-өзі емдемеуге шақырды