Выйти
RU

Алматыда ADK сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ADK сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды. Полицияға ғимараттың ішіне бомба қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда ADK сауда орталығынан адамдар эвакуацияланып жатыр

Фото: Instagram/ kris_p_almaty

"Қазіргі уақытта қаланың шұғыл әрекет ету қызметтері, жарылғыш зат қойылған туралы дерек түскен соң осы сауда орталығында тексеру шараларын жүргізуде. Қаланың барлық шұғыл қызметтері жұмылдырылып, сауда орталығы қызметкерлері мен келушілері қауіпсіз жерге көшірілді. Патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарын алып кетумен де айналысуда", - деді Алматы полициясының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция аталған шараларға түсіністік танытуды сұрады.

Көп ұзамай шұғыл қызметтер орталықта тексеріс жүргізіп, жарылғыш зат табылмағынын мәлімдеді.

"Хабарлама жалған болып шықты. Сауда орталығы штатты режимдегі жұмысқа қайта оралып жатыр, қызметкерлерге жұмыс орнына келуге рұқсат етілді. Полицияның шұғыл бөлімшелері жауапкершелікке тартылатын аноним тұлғаны іздеуге кірісті", - деді полициядан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған сауда орталығының маңынан өрт шыққанын хабарлаған едік.

Алматы қаласының ТЖД мәліметінше, өрт сауда орталығының артында орналасқан цехтан шыққан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда ADK сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды (фото, видео)