Выйти
RU

"Кеш қалдыңыздар": Дәрігер ел тұрғындары жіберген басты қателікті атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Соңғы уақытта коронавирус індеті елімізде өршіп тұр. Көп науқастар ауруханадан орын таппай, үйден емделуге мәжбүр. Осы орайда профессор, иммунология және аллергология бойынша жоғары санаттағы дәрігер Рафаил Розенсон көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, қазақстандықтарға өз кеңесін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Дәрігердің айтуынша, оған коронавирус атауы бұрыннан таныс. Алғаш рет вирус 2002 жылы Қытайда тарап, SARS деп аталған. Ауру адамға цивета деген жыртқыш аңнан жұққан болатын.

Розенсон қытайлықтардан басқа ешкім циветаларды жемейтінін, сондықтан вирус тек сол елді жайлағанын жеткізді.

Ал екінші рет 2012 жылы пайда болды. MERS деп аталған вирус бір өркешті түйелерден таралған екен. Инфекция ошағы – Сауд Арабиясы.

Тағы да оқыңыздар

Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек коронавирустан көз жұмды

"Осы жолғы коронавирус аң-құстан жұққан жоқ, адамнан адамға жұғып отыр. Ең жаманы да осы. Коронавирустың өзін қалай ұстайтыны түсініксіз. Десе де, бұрын болған респираторлық инфекцияларға қарасақ, мәселен, "испан" тұмауы. Осыдан жүз жыл бұрын әлемді дүрліктірген еді. Жүз миллион адамның өмірін қиды. Бұл да дәл сондай H1N1, бүгінде бізге жылына екі рет келетін вирус. Яғни, вирус қалады, бірақ қауіптілігі азаяды. Мүмкін, коронавируспен де осындай болатын шығар, ешкім ешқандай кепілдік бермейді. Алайда, практикаға жүгінсек, тіпті ең қауіпті вирустың өзі адамзатты жер бетінен мүлде жойып жібергісі келмейді. Себебі адам болмаса, ол өзі өліп қалады", - деді дәрігер.

Дәрігердің сөзінше, Covid-19-дың әлем бойынша жайылуына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кінәлі. Ол ұйымның өрескел қателік жібергенін бүкіл әлем мойындап отыр деп санайды.

Тағы да оқыңыздар

Еуропада коронавирустың жаңа толқыны байқалуда

"Қытайда алғашқы жағдайлар өткен жылдың желтоқсан айында тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сол уақытта-ақ жер жаһанына ескертіп қоюы керек еді. Ұйым қытайларға Ухань аумағынан шықпауға, ал өзге елдерге Қытайдан турист қабылдамауға кеңес беруі тиіс еді. Алайда бұның бірі де жасалмады. Тіпті, коронавирус толқыны жүріп жатқанда, аурудың қауіпті болғанына қарамастан ДДҰ маска тағуға кеңес берген жоқ.
Ухань Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын тыңдамады. Өздері бетперде киіп, ара қашықтықты сақтап, тіпті, көршісінен инфекция анықталғанын естісе, кіреберістің есігін құлыптап тастауға дейін барды. Аспан асты елі осындай қатаң шаралармен ауруды жеңіп шықты", - дейді Розенсон.
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Профессордың дерегінше, ауру белгілері әркімде әрқалай байқалып жүр. Солардың арасында тері бөртпесі де ұшырасады екен.

Тағы да оқыңыздар

"Алматыда коронавирусқа байланысты жағдай ауыр": Надыров мәлімдеме жасады

"Ешқашан аллергиясы болмаған адамның саусағында көгерген сияқты бөртпе пайда болған. Кейде иіс сезу қабілеті жоғалады. Бірақ, бұл симптом науқастардың тек қырық пайызында кездеседі, қалған алпысында ол мүлде жоқ. Енді бірінде температура көтеріліп, тамағы ауырады. Дене қызуын өлшемесе, оны тіпті сезбей қалуы да мүмкін. Көріп отырғанымыздай, коронавирустың бірнеше "маскасы" бар", - деп сөзін жалғады ол.

Розенсон қазақстандықтарға Ибуфен препаратын әзірге қолданбауға кеңес берді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл препараттың коронавирустан емдеуде тиімділігі төмен екенін айтқан.

"Осы препаратқа қатысты зерттеу жүргізіліпті-міс. ДДҰ-ға қаншалықты сенуге болатынын білмеймін, бірақ сақтандырғым келеді. Солардың сөзіне сенейік, Ибупрофен препараттарын, нурофен, ибуфенді әзірге пайдаланбай-ақ қояйық. Парацетамол мен нимесил ішейік", - дейді профессор.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирусты аллергиядан қалай ажыратуға болады: Инфекционист жауап берді

Дәрігер дәріханадан қорап-қорап дәрі сатып алу ақшаны босқа шашқанмен бірдей дейді.

"Егер адамда ешқандай ауру белгісі байқалмаса, антибиотик, вирусқа қарсы препаратты ішіп қажеті жоқ. Ең дұрысы, қалыпты өміріңізді әрі қарай жалғастырып, спортпен айналысу", - дейді Розенсон.

Дәрігер коронавирус жұқтырмаудың үш жолын атады:  

  • ара қашықтықты сақтау, үйден аз шығу;
  • бетперде тағу;
  • иммунитетті көтеру.
"Қазір бәрі сарымсақ жеп, лимон және зімбірмен шай ішіп жүр. Сіздер кеш қалдырыңыздар. Иммунитетті бір мезетте көтере алмайсыз. Вирустан созылмалы ауруыңызды жеңген кезде ғана құтыла аласыз. Қант диабеті болса, артық салмақтан арылып, қант мөлшерін қадағалаңыз. Д витамині жетіспесе, дәрумен алып ішіңіз. Артериалды қысымыңыз жоғары болса, дәрігер жазып берген препаратты уақытылы ішіп тұруды ұмытпаңыз. Егер иммунитетіңіз бәрібір де төмен, әлсіз болса, ең дұрысы, үйден шықпау", - дейді Розенсон.

Тағы да оқыңыздар

"Сенеді деп ойлаймын": Алматылық дәрігер желіде үрейлі хабарлама таратты

Деректерге сүйенсек, коронавирус ауада бірнеше сағат бойы сақталады, бірақ он бес минуттан кейін белсенділігін қатты жоғалтады. Сондықтан, Розенсонның айтуынша, жабық ғимаратта науқаспен ұзақ уақыт қалу адам денсаулығына өте қауіпті.

"Кеңсе қызметкерлері бір-бірінен екі метр алшақ отыруы тиіс. Қол алысып амандасуға болмайды, дәл қазіргі уақытта жапондар сияқты алыстан иіліп сәлемдесуді үйренген абзал. Лифтіде, дүкенде, жабық ғимаратта бетперде кию міндетті, әрине. Бірақ көшеде келе жатып, екі жүз метр қашықтықта ешкім көрінбесе, масканы шешіп қоюға болады", - дейді маман.

Ол саябақта спортпен шұғылдану кезінде де вирус жұқтыру қаупі төмен екенін атап өтті.

Профессор коронавирустың таралуында географиялық, климаттық фактор еш рөл ойнамайтынын жеткізді. Көктем кезінде кейбір ғалымдар аптап ыстықта вирус өлуі мүмкін екенін айтқан еді.

Тағы да оқыңыздар

"Қолдан жасалған": Балғынбек Имаш коронавирусқа сенбейтіндерге жауап берді

"Вируспен күресте адамдардың өзін-өзі ұстауы, жүріс-тұрысы өте маңызды. Егер адамдар ара қашықтықты сақтап, бетперде тақса, вирус таралуын тоқтатады. Әр халықтың ішінде шамамен он процент адам бар, оларды "ковид диссиденттер" деп атайды. Олар вирустың барына сенбейді. Дәл осы он процент лифтіде маска тақпайды, ара қашықтықты сақтамайды, вирус Билл Гейтстің адамдарға чип енгізу үшін ойлап тапқан сандырағы деп санайды. Мен бәрінен де осыны ұқпаймын. Билл Гейтске халыққа чип орнату не үшін керек?!. Мен мұның барлығын өтірік деп ойлаймын", - дейді Розенсон.

Профессор Қазақстанға екінші локдаун қажет емес деп санайды, өйткені экономика онсыз да қатты зардап шекті. Әйтсе де, адамдарға белгілі бір талаптарды сақтауға тура келеді.

Тағы да оқыңыздар

"Жағдай нашарлауда": Израильде коронавирус індетінің екінші толқыны басталды

"Жалпы мен коронавирусқа күресте қазақстандық жолды құптаймын. Біз көктемде шекарамызды жауып, бәріміз үйде отырдық. Соның арқасында аурудың таралуын бәсеңдеттік. Бірақ, біздің ең басты қателігіміз – халық дәрігерлерге сенген жоқ. Дәрігерлер карантиннен тайраңдап емес, еңбектеп шығу керек екенін талай рет ескертті. Өкінішке қарай, құлақ асқандар аз болды. Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, бір-біріне қонаққа барды, көшеде бетпердесіз жүрді. Енді соның салдарымен күресіп жатырмыз. Қазір вирустың барына бәрі көз жеткізді", - дейді Розенсон.

Дәрігердің айтуынша, Қазақстанның карантинде екі-үш жыл отыру ықтималдығы 90 пайызға тең.

"Жағдай өте күрделі, вирусты тоқтату өзімізге байланысты. Егер біз денсаулық сақтау министрі мен бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің бұйрығынсыз, шыдамдылық танытып, үйде отырсақ, ауруды жеңіп шығамыз", - деп сөзін аяқтады профессор, иммунология және аллергология бойынша жоғары санаттағы дәрігер Рафаил Розенсон.

Еске сала кетсек, осыған дейін Жазушы Құлбек Ергөбек ел ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты мемлекет басшысына өз ұсынысын жеткізген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Кеш қалдыңыздар": Дәрігер ел тұрғындары жіберген басты қателікті атады