Выйти
RU

Францияда қала мэрінің орынбасары болып сайланған қазақ қызы алғаш рет сұқбат берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

28 маусымда Франциядағы Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланған Ешім Саваш алғааш рет өзі туралы, жанұясы жайлы толығырақ айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Махмұт Сваштың жеке мұрағаты

Фото: Махмұт Сваштың жеке мұрағаты: Instagram

Қазақ қызы 2012 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға белсенді араласа бастағанын айтады. Біраз уақыт өткен соң Крей қаласы жастарының кеңесіне мүше болып қабылданды.

Оның сөзінше, кеңес құрамына өту үшін де сайлау өтеді.

"Біздің кеңес жол қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік, денсаулық сақтау және аурудың алдын алу секілді жастарға арналған түрлі іс-шара өткізді", - дейді Ешім Саваш.
Фото: Ешім Саваштың жеке мұрағаты

Фото: Ешім Саваштың жеке мұрағаты: Instagram

2014 жылы Ешім Крей жастар кеңесінің ішінен халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі болды, ал 2020 жылы қала мэрінің орынбасары болып сайланды.

Тағы да оқыңыздар

Атыраулықтар медицина қызметкерлеріне күнделікті түскі ас таратуда

"2014 жылы сайлауда жастар кеңесі үміткерлер арасында жеңіп шықты. Ал мен 2014-2020 жылдар арасында халықаралық қатынасқа жауапты болып сайландым. Сол алты жылды артта тастап, 2020 жылы кезекті сайлау өтті. Сайлаудың бірінші кезеңі коронавирус инфекциясының өршіп тұрған кезі 15 наурызға тұспа тұс келді. Бірінші кезеңнен кейін біз бірден оқшаулануға кеттік", - дейді Саваш.

Осылайша, қазақ қызы мүше кеңес екінші кезеңде 51%-тен астам дауыс жинап, қалалық кеңесте мәжіліс өткізу мүмкіндігіне қайтадан ие болды.

"28 маусымда бізде қайтадан сайлау болып, жеңдік. Бұның барлығы Крей қаласының тұрғындары мен олардың сенімінің арқасында. Мен мэрдің орынбасары болдым, енді қала мәдениетіне ерекше көңіл бөлемін деп ойлаймын. Неге Қазақстан қалалары немесе қауымдастықтарымен бірігіп жобалар жасамасқа?!", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Павлодарда карантин кезінде қыз ұзату жасағандар әшкере болды

Фото: Ешім Саваштың жеке мұрағаты

Фото: Ешім Саваштың жеке мұрағаты: Instagram

Қазақ қызы университет қабырғасында аймақтық мекемені басқару саласында бакалавр дәрежесін алған. Ал магистратураны білім беру саласы бойынша бітірген. Ол 2017 жылдан бері мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.

"Францияда сайлауға түсетіндер басқа жерде де жұмыс істей береді. Соған қарамастан қызметке сайлана алады. Сондай мүмкіндік бар болғандықтан, мектептегі жұмысымды, ұстаздық қызметімді жалғастыра беремін. Мэрдің орынбасары қызметін де атқарамын. Яғни, екі жерде жұмыс істеймін", - дейді Ешім Саваш.

3 шілдеде Францияның Крей қаласында алғашқы ашық қалалық кеңес өтеді. Сол күні қала мэрі ресми түрде сайланады. Оның орынбасарларына да арнайы мойынорағыш (deputy-mayorscarf) тағылады. Содан бастап ресми түрде қызметіне кіріспек.

Фото: Ешім Саваштың жеке мұрағаты

Фото: Ешім Саваштың жеке мұрағаты: Instagram

Ару Қазақстанға келгісі келетінін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

Путин конституцияға өзгертулер енгізуге дауыс беруді жоспарлап отыр

"Қазақ тілінде сөйлей алмаймын, алайда кей сөзді түсінемін. Себебі менің ата-әжем қазақша сөйлейді, олардың әңгімесіне бірден араласып кете алмасам да, әңгіменің не жайлы екенін шама-шарқым жеткенше түсініп отырамын. Мен қандай да бір тілді тез меңгеріп аламын, егер қазақ тілін үйрену үшін сабақ алар болсам, үйреніп алатыныма сенімдімін", - дейді бойжеткен.

Қазақ қызы отбасы туралы да айтып өтті.

"Крей қаласында жалғыз ғана қазақ отбасы тұрады. Ол – біз. Қазақтар мен қазақ қауымының мүшелері Париж бен оның маңында тұрады. Ал Крей қаласын әкем жұмыс бабымен таңдаған", - дейді Саваш.

Ал Ешімнің әкесі Махмұт Саваш Франциядағы қазақтар қауымдастығының төрағасы болып қызмет етеді.

Еске сала кетсек, жақында қазақ қызының Францияда қала басшысының орынбасары қызметіне сайланғаны туралы жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған ару тұрмысқа шықпақ (фото)

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Францияда қала мэрінің орынбасары болып сайланған қазақ қызы алғаш рет сұқбат берді