Выйти
RU

"Кешірім сұраған": Атырау облысында итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау облыстық полиция департаменті итті тоңазытқыш есігімен тұншықтырып қорлаған Еркінқала тұрғынына қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Ер адам жасаған ісіне өкінетінін айтып, әлеуметтік желіде көпшіліктен кешірім сұраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақ Жайық газетіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 маусымда ветеринарлық емхана иттің дене жарақаты жоқ деген қорытынды шығарған.

"Екінші сараптама тағайындалып, 5 маусымда ол да сондай қорытынды жасады. Осының негізінде ҚР ҚПК 35-бабына сәйкес қылмыстық іс тоқтатылды", - деді полиция.

Басылым мәліметінше, жыл басынан бері Атырау облысында қылмыстық кодекстің 316-бабы бойынша ("Жануарларға қатыгездік жасау") 7 қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде маусым айының басында итті қорлауға байланысты видео тараған болатын. Онда ер адамның итті тұншықтырғаны көрініс тапқан. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалғанын жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

"Бірге арақ ішкен": Түркістан облысында ер адам көршісін кірпішпен ұрып өлтірді

Сонымен қатар, Алматы облысында полицейлер күшікті тірідей өртеген күдіктілерді қолға түсіргенін хабарлаған едік.

Ведомство ақпарынша, қылмыс Алакөл ауданы Қабанбай ауылында орын алған. Әлеуметтік желідегі дабылдардан кейін бірден жедел-іздестіру шаралары басталған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Кешірім сұраған": Атырау облысында итті тұншықтырған азаматқа қатысты іс тоқтатылды