Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда 30 жастағы келіншек төртемді дүниеге әкелді

Опубликовано:

Өзбекстанда Наманган облысының 30 жастағы тұрғыны Мадина Икрамова төртемді дүниеге әкелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Фото: centralasian.org
Фото: centralasian.org: Depositphotos

Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Мадина Икрамова төрт ұл туған. Олардың салмағы: 902 грамм, 1360 грамм, 1701 грамм және 1400 грамм.

Ана мен балалардың жағдайы жақсы.

Орталық директоры Ирода Мухитдинованың айтуынша, дәрігерлер ана мен бала денсаулығын сақтау үшін арнайы жоспар құрған.

Жаңа туған нәрестелерге медициналық көмек көрсеткен мамандар арнайы дайындықтан өткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Ақсу қаласында үшем дүниеге келгенін хабарлағанбыз.

Ақ халаттылардың мәліметінше, келіншек мерзімінен бұрын босанған. Салмағы екі келіден сәл асатын екі ұл және салмағы бір келі 600 грамм болған бір қыз бала өмірге келген.

"Бұл жоспарланған жүктілік, олар баланы көптен күткен. Босану табиғи жолмен өтті. Жүктілік кезінде де қиындықтар болмады. 36 аптаның ішінде үш керемет сәби дүниеге келді", - дейді Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың жаңа туған сәбилер патологиясы бөлімінің меңгерушісі Шолпан Құрманова.

Қазір екі бала шала туған деген диагнозбен патология бөлімінде жатса, қыз баланың жағдайы жақсы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863371-zbekstanda-30-zastagy-kelinsek-trtemdi-dniege-keldi/

pixel