RU

Ішкі істер министрі 14 күндік карантинге байланысты мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев елімізде енгізілген шектеулерге байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі 14 күндік карантинге байланысты мәлімдеме жасады

Ерлан Тұрғымбаев. Фото: polisia.kz: UGC

"Құрметті отандастар! Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты мемлекеттік комиссия 5 шілдеден бастап екі апталық ішінара шектеу енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұл шектеулер арқылы жекелеген шағын және орта бизнес санаттарының қызметін тоқтату, қоғамдық көліктердің жұмысын және адамдар көп баратын жерлерде азаматтардың жиналуын шектеу, сондай-ақ бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салу қарастырылған.

Мұның бәрі инфекцияның таралуына жол бермеу үшін жасалады.

  • Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер және қысқартылған кесте бойынша ХҚКО жұмыс істейтін болады.

Біздің азаматтарымыз қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған санитарлық және алдын алу шараларын қатаң сақтайтынына сенімдімін.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде екі қала 5 шілдеден бастап жабылады

Осы кезеңде ішкі істер органдары қызмет өткерудің ерекше режиміне көшірілетін болады.

Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі азаматтарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау, көп адам шақырылған іс-шаралар өткізбеуге және өздерінің байланыстарын азайтуға шақырады.
  • Полицейлер Денсаулық сақтау органдары мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерге коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулау, шектеу шараларын қамтамасыз ету бағытында жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады.
  • Сонымен қатар, тек қана ресми ақпарат көздеріне ғана сену маңызды. Көрінеу жалған мәліметтердің авторлары мен таратушылары анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады.

Енгізілетін шектеулердің тиімділігі әрқайсымыздың жеке жауапкершілігімізге байланысты.

Тек бірлескен күш-жігер, шыдамдылық пен түсіністік көрсете отырып, қызмет атқарып жүрген медицина қызметкерлері мен полицейлерге қолдау көрсете аламыз. Біз бұл қатерге бірлесе қарсы тұрғанда ғана азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтап қаламыз!", - деді министр мырза.

Тағы да оқыңыздар

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізіледі

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ішкі істер министрі 14 күндік карантинге байланысты мәлімдеме жасады