Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктер онлайн режимде елорда күнін атап өтуде (фото)

Опубликовано:

Жыл сайынғы үрдіске сай, елорда күні мерекесін шымкенттіктер де атап өтуде. Алайда, карантин режиміне байланысты іс-шаралар онлайн түрінде ұйымдастырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Facebook

Атап айтсақ, елорда күніне орай шымкентте 9 инвестициялық жоба іске қосылды. Ашылу салтанатына қала әкімі Мұрат Әйтенов онлайн режимде қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын елорда күнімен құттықтады.

Іске қосылған өндірістік нысандардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Соның нәтижесінде жалпы 288 адам жұмыспен қамтылған.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Facebook

Сонымен қатар, шымкенттік өнерпаздар мерекеге орай әннен шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен мерекелік ән-шашу жергілікті телеарналар мен әлеуметтік желі арқылы көрермендерге ұсынылды.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Facebook

Ал, зиялы қауым өкілдері, отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі болған елорда жайында өз ойларын білдіріп, мерекенің мән-маңызына тоқталды.

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: Facebook

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні мен Елорда күніне орай шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан құттықтау хаттар келіп жатқанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863585-symkenttikter-onlajn-rezimde-elorda-knin-atap-tude-foto/

pixel