Выйти
RU

"Екі рет бас тарттым": Алтынбек Қоразбаев неге өкінетінін айтты (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның халық әртісі, композитор Алтынбек Қоразбаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне қандай ұсыныс жасағанын және одан неге бас тартқанын айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Алтынбек Қоразбаевтың жеке мұрағаты

Фото: Алтынбек Қоразбаевтың жеке мұрағаты: Instagram

"1989 жылы Кеңес одағы тарамаған кезде Республика сарайында менің үлкен ән кешім болды. Сол кеште Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Сара Алпысқызымен, кенже қызы Әлиямен бірге келген. Бір күннен кейін Алматыда бір жерге қонаққа шақырды. Сол жерде отырып менің бүкіл әнімді тыңдайтынын, жатқа білетінін жеткізді. Кей әнді тіпті өзі орындайды екен", - деп cөзін бастады ол.

Сол уақытта 41 жастағы өнер иесі Тараз қаласында жұмыс істеп жүрген.

"Сонда Елбасы "Алтеке, сенің Алматыға келетін уақытың болып қалыпты ғой. Алматыға келсең, саған қызмет табылады" деді. Сол кісінің қолдауымен 1989 жылы барлығын шешіп, 1990 жылы наурызда Алматыға көшіп келдім. Қаладан бірден қызмет те, үй де табылды", - дейді Қоразбаев.

Тағы да оқыңыздар

"Шоу": Жандарбек Бұлғақов қазіргі айтыстың проблемасын ашып айтты

Оңтүстік астанаға келген соң Елбасы Алтынбек Қоразбаевқа министрдің орынбасары қызметін ұсынған. Алайда сол уақытта республика көлемінде концерті үзілмей тұрған әртіс бұл лауазымнан бас тартады.

"Министрдің орынбасары бол деп ұсыныс жасады. Мен шығармашылық адам екенімді, концерттерімнің республика көлемінде жақсы жүріп тұрғанын айтып бас тарттым. Төрт-бес жыл шығармашылықпен айналысайын дедім. Ол кісі де "Өзің біл, ол да дұрыс шығар" деді де қойды", - деді Қоразбаев.

Әртістің сөзінше, Нұрсұлтан Назарбаевпен жиындар мен той-томалақта жиі кездесіп тұрған. Сондай кездесудің бірі Қарасай батырдың 400 жылдығы қарсаңында өтіпті. Елбасы ол кезде сазгерді жаңадан бой көтеріп жатқан Астанаға шақырған.

"Мені Астанаға шақырды. Алматы облысындағы Сүйінбай атындағы филармонияға директор болып барғаныма небәрі бір ай болған еді. Сол уақытта айлық бірде бар, бірде жоқ заман. Содан осы жерде бір-екі жыл отырайын деп шештім. Менің екінші қателігім осы еді. Мен Елордаға бармайтынымды айттым", - дейді композитор.

Тағы да оқыңыздар

Ақтаулық студент Ресейден туған жеріне төрт күн автостоппен жүріп келген (видео)

Фото: Алтынбек Қоразбаевтың жеке мұрағаты

Фото: Алтынбек Қоразбаевтың жеке мұрағаты: Instagram

Елбасымен кезекті кездесу 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың 60 жас мерейтойы қарсаңына тұспа-тұс келеді. Қоразбаев бұл кезде Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның директоры қызметінде Үшқоңыр жайлауында өткен концертті ұйымдастырып жүреді.

"Директор болған соң концертті ұйымдастырып, кезегімен әртістерді сахнаға шығарып отырғанмын. Көрермен болып Елбасы отырды, жанында көмекшілері болды. Мен алыста жүрген соң көмекшілеріне "Маған Қоразбаевты шақырыңдар" деп айтыпты. Жанына барғаным сол еді: "Өзің неге ән айтпайсың?" деп сұрады, мен өзімнің директор екенімді айттым. "Сен мен үшін директор емессің, мен үшін әнші, композитор Қоразбаев Алтынбексің, домбыраңды ал да бір-екі ән айт" деді", - деп еске алды өнер иесі.

Сахнаға шыққан Қоразбаев алдымен ақын Әбдірахман Асылбеков сөзін жазған "Айдай сұлу аруым" әнін орындаған. Оның айтуынша, Нұрсұлтан Әбішұлы 50 жасқа толғанында әннің атын өзі қойған.

Тағы да оқыңыздар

Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымен қалай танысқанын айтып берді

"Сара Алпысқызына арнап "Айдай сұлу аруым" деп қойды. Одан кейін "Сырғалым" әнін орындадым. Сонда Елбасы "Көзіңнен айналайынды" шырқауымды сұрады. Ол әнді толығымен Мейрамбек Бесбаевқа беріп қойғанмын. Бес шумақтан ойыма түскен екі шумағын айтып бердім. Елбасы қарқылдап тұрып әдемі күлкісімен күліп алды да, домбыраны алып мен айтпай кеткен екі шумағын өзі орындады", - дейді Қоразбаев.

Концерт аяқталған соң Назарбаев бірге ән жазайық деп ұсыныс жасаған.

"Мен сөзін жазамын, сен әнін жаз" деді. Солай істейтін болсақ, менен бақытты композитор болмайтынын айттым. Жазуға тырысамын дедім. "Үшқоңырдың" әнін екі жарым жыл жаздым. 2003 жылы Қаскелең шатқалына испанияның королі Хуан Карлос келіп жатты. Сол жерге барып, әннің жобасын көрсеттім. Әннің жақсы шыққанын айтып, сөзін бір аптада жіберемін деді. Уәде еткеніндей, бір аптада әннің сөзі дайын болды", - дейді ол.

Тағы да оқыңыздар

"Судың ортасында тұрмыз": Желіде Әбдіғаппар Смановтың соңғы аудиожазбасы тарады

"Үшқоңыр" әнін "МузАрт" тобы орындады. Сазгердің сөзінше, ән дайын болған соң үш әнші жігіт Медеуге барып, Елбасына арнап ән салған. Осыдан 4-5 ай өткен соң Көкшетауға да әншілерді арнайы шақыртыпты.

Фото: Алтынбек Қоразбаевтың жеке мұрағаты

Фото: Алтынбек Қоразбаевтың жеке мұрағаты: Instagram

"Нұрсұлтан Әбішұлы әннің халық әніне ұқсайтынын айтты. Енді жаңадан бой көтерген астанаға арнап, Сарыарқа жайлы ән жазуға тапсырыс алдым. Бұл 2004 жыл еді. Әнді өте ұзақ жазамын. Мұны да 1-2 жыл жүріп аяқтадым. Елбасымен бірге екі ән жазған өзімді бақытты санаймын", - дейді Қоразбаев.

Елбасы тапсырмасымен екі ән жазған композитор екеуі үшін де гонорар алмаған. Алайда "Сарыарқа" әні астананың туған күні қарсаңында өткен ән байқауында жеңіп шығады.

"Гонорар сұраған емеспін, бір тиын алмадым. "Сарыарқа" әнін "Бәйтерек" тобы орындады. 6 шілдеде конкурс өтіпті. 7 шілдеде Алматыда жүргенімде, әнші жігіттер хабарласып, "Сарыарқа" әнінің бас жүлде алғанын, сегіз мың доллар сыйлығы бар екенін айтты. Ақшаны не істейік деп хабарласып тұр екен. "Әнін жазған композиторға, сөзін жазған ақынға, орындаған әншілерге – үшке бөліңдер" дедім. Олар айтқаныма сеніп қалып, "Ол кісіге қалай апарып береміз?" деп таңданып қалды. Мен де, Елбасы да сендерге кештік деп, әнге бейнебаян түсіруді тапсырдым. Одан бөлек ешкімнен ақша алып, ақша сұраған жоқпын", - дейді композитор.

Тағы да оқыңыздар

Бейсен Құранбектің достары ол туралы естеліктерге толы кітап шығарды

Әңгіме барысында Алтынбек Қоразбаев Елбасының екі рет қызмет бабы бойынша жасаған ұсынысын қабылдамағанына өкінетінін де жасырмады.

"Кезінде астанаға шақырғанында бармағаныма, әрине, өкінемін. Одан кейін ондай ұсыныс түскен жоқ. Кейін көп жолыға да алмадық. Осыдан екі жыл бұрын жетпіске толып жатқанымда астанаға Назарбаевтың ауызашарына шақырту алдым. Елбасы жыл сайын ауызашар береді. Әдеп бойынша, хаттама бойынша Елбасының дәл жанында мен, арғы жағында бас мүфти отырды. Елбасыдан кейін сөз маған берілді, сол жерде рахметімді айттым", - дейді халық әртісі.

Айта кетейік, бұған дейін алматылық "жасотандықтардың" Елбасын туған күнімен ерекше құттықтағанын жазғанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Екі рет бас тарттым": Алтынбек Қоразбаев неге өкінетінін айтты (фото)