Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер ретінде танылған атақты тележүргізуші Малышева Ресейден кетті

Опубликовано:

Жексенбі күні ресейлік танымал тележүргізуші Елена Малышева әуежайда бой көрсетті. Белгілі болғандай, ол АҚШ-тағы немерелеріне ұшып кеткен болуы керек деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Елена Малышева Ресейден кетті
Фото: krestyanka.com: UGC

Айта кету керек, Елена Малышева бір жылдары Нью-Йорк маңынан 6,4 миллион долларға үй сатып алған.

Оның айтуынша, ол осы соманың бір бөлігін 30 жылға несиеге алған көрінеді. Үй иесі сол жерде қалып, туыстарымен кездесуге шешім қабылдапты.

Ол немерелерін көптен көрмеген екен. Коронавирус инфекциясы тек тележүргізушінің отбасының ғана емес, бүкіл әлемнің жоспарларын өзгертті. Туыстары оған карантин салдарынан келе алмаған.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Жүргізуші соңғы уақытта жұмысы әдеттен тыс жүргенін жеткізді.

Телевизиядағы бұл маусым оның бүкіл мансабындағы ең қиын кезең болған. Шығарылымдар көрерменсіз түсіріліп, әріптестері қашықтан оқшауланыпы.

Оның отбасында анасы, бауыры және кенже ұлы коронавируспен ауырған. Малышева анасы бірнеше апта бойы COVID пациенттері үшін арнайы жабдықталған жергілікті ауруханада жатқанын, екі рет жансақтау бөлімінде болғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, ресейлік дәрігерлер КВИ-мен күресу үшін Қазақстанға ұшып келді.

Қазақстанға Ресей Федерациясы мен Роспотребнадзордың 32 дәрігері келді, олардың ішінде - эпидемиологтар, вирусологтар және басқа да бағыттағы дәрігерлер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863678-driger-retinde-tanylgan-atakty-telezrgizusi-malyseva-resejden-ketti/

pixel