RU

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Telegram logo VKontakte logo

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдерімен бірге қаладағы бірқатар көтерме сауда қоймалары мен дәріханаларды аралады.

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: Getty Images

Тексеру кезінде «НПО ЗЕРДЕ» ЖШС, «АҚ НИЕТ» ЖШС көтерме қоймаларына барған әкім жоспарланған дәрілік заттарды жеткізу және тиеу кестесі бойынша резервтік қорлармен қамтамасыз етілуіне көз жеткізді.

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: Getty Images

"Бүгінде қалада дәрі-дәрмектің айлық қоры, атап айтқанда: 25 түрлі 122 825 қорап ыстықты төмендететін, 10 түрлі 148 658 қорап  вирусқа қарсы,  27 түрлі 123 050 қорап антибиотиктер, 4 атаудан 42 253 қорап С витаминінің препараттары бар. Қазір үлкен көлемде дәрілер келді, осы аптада дәріханаларға таратылады", - деді қала әкімі.

«АҚ НИЕТ» ЖШС директоры Ержан Ниязалиев келген дәрілер қаладағы 52 дәріханаға таратылатынын, оның ішінде «дексеметазон», «дексан», «клексан» препараттары да бар екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыздар

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтарға тегін дәрілер қашан және қайда беріледі

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: UGC

"Бұл дәрі-дәрмектерді дәрігердің рецепті бойынша ғана алуға болады және бұл талапты дәріхананың да орындауы тиіс", - деді Е.Ниязалиев.

«Зерде» НПО ЖШС қоймасына 6 камаз дәрі-дәрмек әкелінген. Оның ішінде 1 млн аскорбин  қышқылы,   500 мыңға тарта цефтриаксон, 100 мың азитрамицин,  немисил, 20 мыңға жуық кагоцел, 14 мың ингавирин бар. 42 желілік дәріханасы бар «Зерде» НПО ЖШС Шымкенттегі 200-ге жуық дәріхананы қамтып отыр.

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: UGC

Қала басшысы 20-ға жуық дәріхананы аралап, халықтың арыз-шағымдарымен жеке танысты. Сондай-ақ, дәріхана сатушыларына дәрі-дәрмек жоқ болған жағдайда басқа сауда атауымен алуға болатынын түсіндіруді тапсырды. Мысалы парацетамолдың панадол сияқты балаларға арналған сироп түрі бар.

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: Instagram

Сонымен қатар, қала әкімі дәрі жетіспеушілігінің екі себебін атап өтті. Бірі – алыпсатарлық болса, екінішісі – халықтың үлкен көлемде дәріні артығымен сатып алуы.

Тағы да оқыңыздар

ДДСҰ Павлодар облысына гуманитарлық көмек жіберді

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: UGC

 Айта кетейік, бүгінде ҚР "Рұқсаттар мен хабарламалар" туралы ҚР Заңына сәйкес, дәрілік заттарды көтерме және бөлшек саудалау- фармацептік қызметтің лицензиялық түрі болып табылады. Аталған кәсіпкерліктің бұл түрін лицензиясыз жүзеге асырғандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 214-бабымен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: Depositphotos

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 5 шілдеде «дексеметазон» дәрілік препаратын шекті бағадан асырып сатып жатқан дәріхана анықталған. Жедел полиция тобы оқиға орнына барып, аталған жайтты анықтады. Қазір тергеу жүруде, нәтижесінде жауапкершілік қаралатын болады. 

Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде

Фото: Шымкент әкімдігі: Instagram

Осы орайда, қала тұрғындарына айтарымыз, егер де, алыпсатарлықтың немесе дәрі-дәрмекті шекті бағадан асырған жайттың куәгері болсаңыз дереу «109» байланыс нөміріне хабарласыңыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Шымкентке қажетті дәрі-дәрмек жеткізілуде