Выйти
RU

Диванда отырып әуеде қалықтаған түркиялық жігіт жұртты таңғалдырды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркияның Измир қаласы тұрғыны Хасан Кавал өзімен бірге парапланға диван, шам және теледидар алып ұшқан. Ерекше жабдықталған ұшу аппараты жұртты таңғалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/hasan_kaval

Фото: instagram.com/hasan_kaval: Facebook

29 жастағы Хасан Кавал әуеде шағын қонақ үй жасау үшін өз парапланын қызыл диванмен, шам және теледидармен жабдықтаған. Ол парапланмен ұшудан нұсқаушы болып жұмыс істейді.

Хасанның әріптестері оның шағын қонақ үйін таудан ұшыруға көмектескен. Ары қарай ол өзінің әуе сапарын камераға түсіріп отырған. Кадрлардан оның сусын ішіп, қытырлақ жеп, теледидардан мультфильм көріп отырғанын байқауға болады.

Ерекше параплан жерге сәтті қонды. Ол бұл әрекетімен адамдарға парапланмен ұшудың қауіпсіз екенін жеткізуге тырысқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін ескі автобусты арманындағы баспанаға айналдырған қос ғашық туралы жазған болатынбыз.

Тағы да оқыңыздар

Демалушылар Каспий теңізіндегі итбалыққа тас лақтырды (видео)

Белгілі болғандай, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласынан шыққан қос ғашық Тайлер Хьортинг мен Лекси О'Брайен ескі автобусты су жаңа баспанаға айналдырған. Америкалық жұп жөндеу жұмыстарына өздері атсалысқан екен.

Олар 2017 жылдың соңында 10 мың долларға автобус сатып алып, оны баспанаға айналдыра бастайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Диванда отырып әуеде қалықтаған түркиялық жігіт жұртты таңғалдырды (видео)