Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмас Садубаев жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Алмас Садубаев бірлесіп еңбек етейік деген азаматтардың ұсыныс пікірлерін тыңдауға дайын екеніндігін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Facebook әлеуметтік желісіне сілтеме жасап.

Алмас Садубаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: taraz.zhambyl.gov.kz: Facebook

Құрметті жерлестер, он бес жылға жуық еліміздің Бас қаласында ақпарат саласынан, мемлекеттік қызметке жалғасқан еңбек жолымның ендігі арнасы Тараз қаласымен тығыз байланысты болмақ.

Сан ғасырлық тарихы бар қала әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасары міндеті жүктеліп отыр. Бұл үлкен сенімді ақтау мен үшін үлкен жауапкершілік екенін түсінемін. Өзім туып өскен, жоғары білім алып, еңбек жолым басталған Тараздың әлеуметтік саласын ілгерілету жолында жұмыс істеу зор мәртебе. Қазіргі уақытта бұл саланың жұмысы қызып тұрғанын білесіздер.

Сондықтан осы бағытта бірлесіп еңбек етейік, әріптестік байланыс орнатайық деген азаматтардың ұсыныс, пікірлерін тыңдауға дайынмын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864069-almas-sadubaev-zaa-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel