Выйти
RU

"Балаларым түсінеді деп ойлаймын": Елордалық әйел қалай жезөкше болғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Балжан есімді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны жезөкшелік жолды қалай таңдағанын айтып берді. Ол тағдырдың тәлкегіне түсіп, "рэкет" күйеуінен айырылғанын, қол ұлын аяғынан тұрғызу үшін бұл "салаға" амалсыздан келгенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алаш айнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото:orinfo.ru

Көрнекі фото:orinfo.ru

"Сіздерге түсінікті болу үшін бәрін де басынан бастап баяндап берейін. Мен Шығыс Қазақстан облысының бір шалғай ауылының тумасымын. Ата-анама еркелеп өскен қыздың бірімін. Отбасында бес ағайындымыз. Үш ұл, екі қыз. Мен үйдің ең кенжесімін. Сол себепті ерке болып өстім.

Тоғызыншы сыныпты бітіріп колледжге оқуға түстім. Көрші ауданның "рэкэт" жігітіне ғашық болдым. Екеуміз бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Төрт бауырым тұрып, мен тұрмысқа шықтым. Ондада аяғым ауырлап қалғанан кейін амалдың жоғынан ата-анам рұқсат берді.

  • Жолдасым екеуміз де жаспыз. Екеуміздің де бір үйдің еркесіміз. Айтқанымыз болмаса, қырсығып шыға келетініміз де бар. Біздің отбасылық өміріміз осылай ырду-дырдумен басталды. Жолдасым ауданның атаманы. Елдің мәселесін шешіп жүреді. Күн ұзаққа ұйықтап, түнде жемтігін іздеген қасқырдай, жорта жөнеледі.

Сөйтіп жүргенде дүниеге егіз ұлым келді. Жолдасым қос ұлының қуанышын бір жыл тойлады. Ішімдікке, есірткіге, құмар ойынға да үйір болды. Қалтасы толған мыс-мыс ақша. Оның айналасына дос та, қыз-қырқын да жиналды. Әйтеуір, бізге қажетіміздің бәрін алып беріп тұрды. Біз соған мәзбіз.

Бір күні үйде отырсам, жолдасымның өңі бұзылып асығыс үйге кірді. Кіре салып заттарын жинады. "Мен ұзақ сапарға кетіп барамын. Балаларды ал да, ешкім танымайтын үлкен қалаға кет. Сендердің кайда екендеріңді жан баласы білмесін. Мен тірі болсам сендерді тауып аламын. Мына азын-аулақ ақшаны ал. Балаларым саған аманат" деп еңкілдеп жылады. Мен қанша кетпеймін деп қарсылық көрсеткеніммен болмады. Оның сөзінен түсінгенім, егер біз ауылда қалсақ мені де, балаларымды да тірі қалдырмайтынын айтып әлек болды.

Балаларымның амандығы үшін киім-кешегімді жинап бес жасар қос ұлымды жетектеп елордаға қарай бет бұрдым. Бір айдан аса жалдаған пәтерден шықпай жаттық. Жолдасымның берген ақшасы да таусылуға айналды. Амалдың жоқтығынан жұмысқа орналасудың қамына кірістім. Астанада туысым да, танысым да жоқ.

Біз Әмина деген әжейдің бір бөлмесін жалдап тұрдық. Ол кісі қарапайым әрі жайлы еді. Таныстарынан сұрастырып жүріп мені бір фирмаға хатшы етіп жұмысқа да орналастырды. Мен жұмысқа кеткенде балаларыма қарайлап отырады.

Ата-анама пойызға мінер алдында "бізді іздемеңдер, алыс сапарға жол жүріп барамыз. Орныққанан кейін өзіміз хабарласамыз" деп айтуға ғана шамам келген еді. Ал, жолдасымның қайда жүргенінен мүлдем бейхабармын. Ол бізді пойызға отырғызды да, өзі басқа бағытқа кеткен еді. Оның соңынан қуғандардың кім екенін де біле алмадым.

Осылай өміріміз жалғаса берді. Сөйтіп, жүргенде біз қатты бауыр басып қалған Әмина әжейіміз қайтыс болды. Ол кісінің қыздары біз тұрып жатқан үйді сатты. Біз басқа пәтерге көштік. Әмина әжейдің арқасында жан сақтап жүрген екенбіз. Мені екі баламмен ешкім пәтерге алмады. Сөйтіп, жекеменшік жатаханадан бір бөлме жалдадым.

Пәтер ақыға ай сайын алпыс мың теңге санап беремін. Қалған жирма мың теңгені азық-түлікке үнемдеп жеткіземін. Кешкісін еден жуатын жұмыс та таптым. Одан 30 000 теңге ғана аламын. Осылай қиналып жүргенде балаларым мектепке барды. Оларды үйдің маңайындағы мектептің біріне орналастырдым.

Олар оқуға барған кезден бастап мен қатты қиналдым. Балаларымды достарынан кем етпейін деп тыраштана бастадым. Қанша еңбектенсем де, ақшам жетер емес. Өзіме қарауға да шамам келмей кетті. Екі баланың анасы болсам да, өзімнің жасымнан әлдеқайда жас көрінемін. Дене бітімім де, ажарым да адам қызығарлықтай. Еркектердің көзіне бірден көрінетінмін. Қаншама жігіттер кездесуге шақырса да бармайтынмын.

Бір күні көрші бөлмеге жас семья көшіп келді. Жүздері жылы, бір көргенен ыстық көрінді. Сұрастыра келе, олар менің жолдасымның ауылдасы болып шықты. Оны естіп жүрегім елең ете қалды. Дереу жолдасымды сұрадым. Ол келіншек біраз үнсіз тұрды да

"Ол кісі ауылдың атаманы еді. Апамдардың айтуына қарағанда бір дөкейдің баласын өлтіріп, олар оның ізіне түскен екен. Бір күннің ішінде өзі де, әйел, бала-шағасы да жоқ болып кетті. Көп ұзамай ол кісінің өлі денесін үйіне алып келді. Ал, осы күнге дейін оның әйел, бала-шағасынан мүлдем хабар жоқ екен. Олардың тірі, я өлі екендерін ешкім де білмейді" деп айтты. Оны естіп жүрегім қатты ауырды.

Осы кезге дейін жолдасым бізді іздеп тауып алар деп үміттеніп жүрген едім. Ол үмітім де үзілді. Балаларымды аяқтан тік тұрғызу менің аналық борышым. Сондықтан да, оларға жоқшылықты көрсетпеу үшін барлық нәрсеге дайын болдым.

Өзім барымды киіп, жоқтан бар жасадым. Азын-аулақ алған тамақты балаларымның аузына тостым. Бір күні қалтама қарасам ақшам таусылып қалыпты. Бір бөлке нан алып жартысын екі балама бөліп бердім да, өзім аш жаттым.

Жоқшылықтың азабын қатты тарттым. Түнде тұрып тағдырдың сынағына налып жылап аламын. Егізімнің бірі қатты аурып дәрі-дәрмек алатын ақша таппай қатты қиналдым. Ана баласы үшін бәріне барады деген тап рас екен.

"Ақысын төлеймін, менімен бір түн бол" деп жүрген еркектердің бәріне қоңырау шалдым. Сөйтіп, олар бірінен соң екіншісі кездесуге шақыра бастады. Балаларыма "мамаларың қосымша массаж жасап ақша табады. Сендер тыныш отырыңдар. Есікті ешкімге ашпаңдар" деп айтып кетемін. Екі-үш сағатта жұмысымды бітіріп 30000 теңгені қалтама салып келемін.

Қазір менің он клиентім бар. Олармен он күнде бір кездесіп тұрамын. Олар менің көрсеткен қызыметіме дән риза. Кейбір кездері жомарттық танытып екі есе ақша беретіндері де кездеседі. Мен олардан алған ақшамды айтып мақтанбаймын. Себебі, бұл өмірде мен секілді балаларын асырай алмай жүрген жалғызбасты әйелдер қаншама.

Мүмкін менің әңгімемді оқып отырған адам "күнін көре алмай жүрсе ауылына қайтпайды ма?" деп сөгер. Мен олай жасай алмаймын. Себебі, мен қашқынның әйелімін. Сондықтан да ата-ана, туыс-бауырға хабарласуға шамам да жоқ. Ауылға барып қос ұлымнан айрылып қалғым келмейді. Балаларымның әкесі секілді бұзақы болып өскенін қаламаймын.

Басымнан өтіп жатқан осы қиыншылығымды жазудың өзі маған қатты ауыр тиді. Менің жан жарамды түсінетін жан жоқ қасымда. Тағдырдың тәлкегімен жесір де қалдым. Жолдасымның жасаған қателігінің салдарынан ата-ана, бауыр, ағайын-туыстан тірідей айрылдым. Басыма салған ауыртпалықтан құтылу үшін жөзекше де болдым. Менің басымнан өткен оқиғамды біреу оқып мені түсінер, ал екінші адам сөгер.

Үй алып жағдайымды түзеп алғанан кейін жөзекшелікті бір жолата тастаймын. Балаларым өскенде менің бұл әркетімді естісе түсінер деген ойдамын", - деді Балжан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Балаларым түсінеді деп ойлаймын": Елордалық әйел қалай жезөкше болғанын айтты