Выйти
RU

Жағдайы нашарлаған Баталовты неліктен Нұр-Сұлтанға ауыстырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов тыныс жетіспеушілігінің асқынуына байланысты елордаға ауыстырылды. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Амандық Баталов Нұр-Сұлтанға неліктен ауыстырылды

Фото: facebook.com/AmandykBatalov: UGC

Оның айтуынша, әкім ауыстырылған орталықта ЭКМО әдісі (экстракорпоралды мембрананы оттектендіру) қолданылады.

"Иә, науқастың жағдайы нашарлап, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына жіберілді. Бүгінде бұл орталық республикалық реанимация және экстракорпоралды мембрананы оксигенациялау орталығына қайта бағытталған. Бұл әдіс өкпені жасанды желдету көмектеспеген жағдайда қолданылады. Орталық сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары ауруларының салдарынан тыныс жеткіліксіздігі дамыған науқастарды қабылдайды", - деп түсіндірді Ғиният.

Естеріңізге сала кетейік, 8 шілдеде Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың жағдайы нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтанға ауыстырылғаны хабарланды.

Бұған дейін одан коронавирус анықталғаны туралы хабарланған болатын.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирус анықталған Баталов елордадағы ауруханаға ауыстырылды

Бұл туралы өңір басшысының баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған болатын.

Ол Баталовта ауру белгілері байқалмайтынын, облыс әкімі оқшауланып, жұмысын жалғастыратынын айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жағдайы нашарлаған Баталовты неліктен Нұр-Сұлтанға ауыстырды