Выйти
RU

"Екінші толқын емес": Дәрігер Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы туралы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев Қазақстандағы екі күндік жұмыстың қорытындысы бойынша коронавирус эпидемиясын қашан жеңуге болатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Ол Қазақстанда коронавирус індетінің өршуі неден пайда болғанын айтты.

"Әріптестерімнің әрекетін дұрыс немесе қате деп бағалай алмаймын. Қазақстанда дәрігерлердің деңгейі жоғары. Ұйымдастыру үдерісі зардап шегіп жатыр, бірақ барлық жерде олай емес.

Ауруханаларда таза және лас аймақтарды шектеу тиісті дәрежеде сақталмаған. Науқастардың қозғалысымен басқа жерге ауыстыру кезінде логистикада ерекшелік бар. Жалпы жаңа денсаулық сақтау басшылығы бұл мәселелерді білетінін көріп отырмын. Алексей Цой мен оның орынбасарлары мұны толық түсініп, шешіп жатыр.

Тағы да оқыңыздар

Ресей денсаулық сақтау вице-министрі: Қазақстандық дәрігерлерге сақтық жетіспейді

Вирустың өршуі, ең алдымен, бастапқыда енгізілген шектеулердің ерте алынып тасталуымен байланысты. Шектеу шараларының барлығы коронавирус инфекциясының таралуын созу үшін жасалды. Бір мезгілде медицинаға, стационарлар мен емханаларға, дәріханаларға салмақ түспеуі үшін қабылданды. Шамасы, бұл кезеңде сақтық шаралары сақталмады, барлық режим, шектеу жеңілдетілді", - деді Олег Гриднев.

Ресейдің денсаулық сақтау министрі бұны екінші толқын деп атауға болмайтынын жеткізді.

"Бұл әлі де болса бірінші толқын. Біз халықты иммундау аяқталғанша, аурудың әріқарай тарай беретінін түсінуіміз керек. Оны иммундау немесе фармацевтика тоқтата алады. Яғни, бұл вирусты емдейтін вакцина немесе препараттар тоқтатады", - деді ол.

Олег Гриднев Ресей тәжірибесі Қазақстанға нені үйрете алатынын айтып берді.

"Пандемияның барлық ел үшін жаңа тәжірибе екенін түсіну керек. Бұған ешкім алдын ала дайын болған жоқ. Біз де мұның бәрін бірден білген жоқпыз. Осы жолдан өтіп, қандай да нәтиже болғаннан кейін айтып отырмыз.

Тағы да оқыңыздар

Коронавируспен ауырғанда дене шынықтырумен айналысуға бола ма

Ресей Шереметьевода алғаш өз тұрғындары мен шетелдік туристерде инфекция табылған сәттен бастап күресті қолға алды. Мәскеудегі өршулер және басқа да аймақтар бойынша тәжірибе бар, төсек-орын ашу, оттегі және жасанды тыныс алу аппаратымен жабдықтау, емдеуді таңдау жолынан өтті. Бізде емдеу хаттамасы жеті рет өзгерді, Қазақстанда 10 рет ауысты. Демек, Қазақстанда да үдеріс бір орында тұрған жоқ, адамдар жұмыс істеп жатыр. Емдеу хаттамалары бір-біріне ұқсас, алайда мерзім жағынан аздаған өзгеріс бар. Әлем бойынша хаттамалар бір-біріне ұқсас, - деді Ресейдің денсаулық сақтау министрі.
Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев. Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Оның сөзінше, температура мен ауа райы вирустарға әсер етпейді. Иммунитеті қалыптаспаған, яғни инфекция жұқтырмаған адамдар бар кезде вирус та тарала береді.

Тағы да оқыңыздар

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының тұрғындарына үндеу жолдады

"Халықтың 60 пайызы инфекция жұқтырған кезде бұл вирусты тоқтатып, баяу таралуына әкелетін популяциялық иммунитет қалыптасады. Бұл жағдайда оларға міндетті түрде ауырып шығудың қажеті жоқ. Ол ауру белгілерінсіз де өтуі мүмкін. Ондай жағдайда ол әдеттегі ЖРВИ сияқты болады", - деді Олег Гриднев.

Сонымен қатар, Ресейдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары пандемиямен күрестің осы кезеңіне қарап қандай қорытынды жасауға болатынын жеткізді.

"Талдауды кейін жасаймыз, қазіргі кезде адамдарды емдеп, өмірін құтқарып, әріқарай таралмауы үшін алдын алу қажет. Ауру азайған жағдайда да төсек қорының, жабдықтардың, дәрі-дәрмектердің және қорғаныс киімдерінің қорын сақтауға дайын болатын тұрақты денсаулық сақтау жүйесін қалыптастырып, байсалды түрде жұмыс істеу қажет", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде екі қала 5 шілдеден бастап жабылады

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 53 021 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша қауіпті дертті жұқтырған тағы 1962 адам тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.

Осы уақыт аралығында қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Екінші толқын емес": Дәрігер Қазақстандағы коронавирус эпидемиясы туралы айтты