Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік елімізде пневмонияның жаңа түрі шыққаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Опубликовано:

Қытайлық БАҚ беттерінде Қазақстанда өлімге алып келетін пневмонияның жаңа түрі таралып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты денсаулық сақтау министрлігі пікір білдіріп, аталған мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Кейбір Қытай БАҚ-тарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда көп өлім белгісіз пневмония жағдайларынан болып жатыр деген ақпарат таралуда. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Ведомство Қазақстан өзге елдер сияқты пневмонияның мұндай түрін қадағалап отыратынын, бұл дер кезінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

"9 шілдедегі брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздегі пневмониялардың жалпы саны туралы айтты: олардың арасында бактерия, зең, вирус тудыратындар –  соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес "анықталмаған этиологияның вирустық пневмониясы" бар", - деді денсаулық сақтау министрлігі.

Соңғы дерек бойынша, елімізде 55 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Өткен тәулікте қауіпті дертті жұқтырған 1726 науқас тіркелген.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан емделу кезінде денсаулыққа кері әсер ететін алты әдісті атады.

Қауіпті дертпен күресудің бұндай тәсілдеріне сода ингаляциясы, сарымсақ суының таңғажайып әсері және антибиотиктердішамадан тыс қолдану мен басқа да денсаулыққа қауіпті халық емі жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864260-ministrlik-elimizde-pnevmoniany-zaa-tri-sykkany-turaly-akparatka-pikir-bildirdi/

pixel