Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиында мемлекет басшысы Қазақстан экономикасы 1,8 пайызға төмендегенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter
"Бүгін біз коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шараларға қатысты мәселелерді қараймыз. Сонымен қатар, биылғы бірінші жартыжылдықтағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылаймыз.

Жыл басынан бері ұлттық экономика күрделі жағдайда дамып келеді. Ел экономикасы жалпы 1,8 пайызға төмендеді. Пандемияға байланысты қызмет көрсету саласы айтарлықтай құлдырады (5,6 пайыз).

Халықты және бизнесті қолдау үшін аса маңызды шаралар қабылдадық. Менің тапсырмам бойынша Экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды", - деді ол.

Мемлекет басшысының сөзінше, бүгін Үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылдаған шаралары талқыланады.

"Бүгінгі жиынның жұмысын мынадай тәртіппен жүргізуді ұсынамын: Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен жыл соңына дейін орындайтын міндеттер жөнінде премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Мамин баяндама жасайды.

Ақша-несие саясатына қатысты шаралар туралы Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Асқарбекұлы Досаев баяндайды. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Владимирович Цой баяндайды.

Сосын бірқатар облыстың басшыларына сөз беремін. Қажет болса, басқаларға да сөз беріледі. Қысқа әрі нұсқа, негізгі мәселелерге тоқталыңыздар", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видеобайланыс арқылы ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1864290-tokaev-el-ekonomikasy-18-pajyzga-tmendedi/

pixel