Выйти
RU

Елде биылғы оқу жылы қалай басталады: Министр үш нұсқа ұсынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде биылғы оқу жылына қатысты үш нұсқаны жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елде биылғы оқу жылы қалай басталады: Министр үш нұсқаны жариялады

Фото: primeminister.kz

"Білім және ғылым министрлігінде елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып әзірлеген үш негізгі нұсқасы бар", - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

Министрдің айтуынша, бірінші нұсқа – қашықтан оқыту.

"Бұл нұсқа таңдалған жағдайда алыстағы елдімекендерді есептемегенде қалғанының бәрі қашықтан оқытылады", - деді ол.

Екінші нұсқа – іштей және қашықтан оқыту.

"Бұл жағдайда шектеу болуы керек: мектепте міндетті түрде термометрия, санитайзерлер болуы тиіс. Әлеуметтік қашықтық сақталып, сабақтар қысқартылуы керек. Яғни кабинеттік жүйелер алынуы тиіс", - деді министр.

Тағы да оқыңыздар

Алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейді

Асхат Аймағамбетов үшінші нұсқа - штаттық режимде қатаң санитарлық шектеу шаралары сақтай отырып, сабақты жалғастыру екенін жеткізді.

"Яғни балалар іштей оқиды да, қоңырау, сыныптардың толымдылығы, ауысым, кабинеттік жүйелерді алудан бастап асханаға баруға дейінгі шектеу шаралары күшінде болады", - деді министр.

Айта кетейік, алдағы оқу жылында оқушыларға мектеп формасын кию міндеттелмейтін болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елде биылғы оқу жылы қалай басталады: Министр үш нұсқа ұсынды