Выйти
RU

2 жасар қыз бала әйгілі Vogue сән журналының ең кішкентай моделі атанбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Джиджи Гоббс есімді бүлдіршін сән әлемінде өз жұлдызын жақпақ. Екі жасар қыз бала танымал Vogue сән журналының тарихындағы ең жас модель атануды көздеп отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru cайтына сілтеме жасап.

2 жасар қыз Vogue сән журналының ең жас моделі атанбақ

Фото: instagram.com/gigiviboutique: UGC

Джиджи әлі сахнада жүре алмаса да, келесі айдан бастап сән журналының бетіне шықпақ.

Плимуттан шыққан бүлдіршіннің 32 жастағы анасы Софи Говард Gigi Vi Boutique маркалы киім брендінің иесі.

Кішкентай Джиджи Vogue арнайы бөлімдерінің бірінде анасының дүкенінің киімдерін таныстырады. Айта кетейік, бүлдіршін балалар брендінің бейнесі болып үлгерген.

Ал Софи қызының нағыз жұлдыз атану мүмкіндігіне ие болғанына қуанышты. Алғашында ол басылымның оларды журнал бетіне шығуға шақырғанын естіп, сене алмаған.

Осындай мүмкіндіктің бұйырғанына қарамастан, Джиджи анасы оны модельдік мансап құруға мәжбүрлемейтінін айтады. Дегенмен егер Джиджи болашақта сән индустриясын таңдаса, анасы қарсы болмайтынын атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

Шымкент тұрғыны анасын "дәрігерлер өлтіргенін" айтып, дабыл қақты

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екі метр бойы үшін қатарластарының мазағына айналған арудың модель атанғаны туралы жазған едік.

22 жастағы биртаниялық бойжеткен мектеп кезінен бойының тым ұзындығынан үнемі қатарластарының күлкісіне қалып жүретін.

Тек ол модель атанған ғана ұзын бойының шын мәнінде оны өзгелерден ерекшелендіріп тұратынын түсінген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
2 жасар қыз бала әйгілі Vogue сән журналының ең кішкентай моделі атанбақ