Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 60 жүкті әйелден пневмония анықталған

Опубликовано:

Ақтөбе облысында 60 жүкті келіншектен пневмония анықталып отыр. Бұл туралы Медицина орталығының бас дәрігері Рүстем Исаевтың мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Дәрігерлердің айтуынша, науқас әйелдер осы күнде орталықта ем қабылдап жатыр. Арасында жағдайы ауыр әйелдер де бар көрінеді.

"Қазіргі таңда стационарда 360 науқас жатыр, оның 60-ы жүкті әйелдер. Барлығында пневмония дерті. Олар, арнайы маманның қарауында. Перзентхана барлық керек жарақпен дәрімен толық  қамтамасыз етілген", - дейді Ақтөбе Медицина орталығының бас дәрігері Рүстем Исаев.

Б. Рақметова

Естереңізге сала кетейік, бұған дейін "SENIM" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы" Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Қайрат Сабыр аймақта жағдай мәз емес екенін, медицина қызметкерлерінің де коронавирус жұқтырып жатқанын айтқан еді. Мәселен 18 ақ халатты індеттен көз жұмған.

Сондықтан ақтөбелік дәрігерлер тұрғындардан сақтық шараларын сақтауды сұрап отыр. Мамандардың пікірінше, ауруханаға түскен науқастардың жүз пайызы тойға барып, садақада болғандар екен.

Қайрат Сабырдың сөзінше, біз дертпен бәріміз күрескенде ғана жеңіп шығамыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865128-aktbede-60-zkti-jelden-pnevmonia-anyktalgan/

pixel