Выйти
RU

Шілде айында төленетін 42500 теңгеге өтініш беру қашан басталады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына төленетін 42500 теңгеге өтініштер қашан басталатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Көптің көкейіндегі сауалға министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында жауап қатты.

"Шілде айына төленетін 42 500 теңге төлеміне өтініштер ертең басталады. Ол бойынша ережелер әділет министрлігіне жолданды, бүгін тіркеледі деген үміттеміз. Төлемнің негізгі қағидаты жұмыс істеп жүріп, карантин шектеулеріне қатысты табысынан айырылған азаматтарға төленеді, - деді Біржан Нұрымбетов. 

Осы орайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жұмыссыз жүргендер басқа төлем алатынын еске салды.

"Егер мен жұмыстан шыққан жағдайда өтініш қалай беріледі? деген сұрақтар келіп жатыр. Бұл жағдайда жұмыспен қамту орталығына хабарласқан жөн. Сіздерге сол жердегі бос жұмыс орындар туралы немесе өзге нұсқаларды ұсынады. Егер де ол сәйкес келмесе, 3 күн ішінде жұмыссыз болып тіркеледі. Оларға сақтандыру қорынан басқа төлемді, яғни жұмыссыздарға берілетін төлем төленеді. Ол төлем 6 айға дейін созылады, - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шілде айында төленетін 42500 теңгеге өтініш беру қашан басталады