Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой қайтыс болған отандық дәрігерлердің жақындарына награда табыстады

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі қайтыс болған дәрігерлердің жақын-туыстарына мемлекеттік наградаларды табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Денсаулық министрі қайтыс болған дәрігерлердің жақындарына мемлекеттік награданы табыстады
Фото: The Asahi Shimbun via Getty Images: Depositphotos

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметтік борышын адал атқарғаны және азаматтардың денсаулығын сақтау жолындағы қажымас еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 13 шілдедегі №370 жарлығымен қайтыс болғаннан кейін марапатталған медицина қызметкерлерінің бірқатар туыстары мен жақындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті.

ІІ дәрежелі "Барыс" орденімен:

Баймухамбетов Қайрат Қажиманұлы – Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы;

Буланов Бекжан Серікбосынұлы – "Семей медицина университеті" КеАҚ Университеттік госпиталінің бөлімше меңгерушісі;

"Парасат" орденімен:

Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы – Қарағанды облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Бұхар Жырау аудандық басқармасының бас маманы;

"Құрмет" орденімен:

Айсауытов Болатбек Нәкібайұлы – Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» РМК дәрігері;

Баркибаева Нұргүл Рамазанқызы – "Семей медицина университеті" КеАҚ Университеттік госпиталінің дәрігері;

Меркуленко Владимир Павлович – Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының санитары.

Еске сала кетсек, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865306-coj-kajtys-bolgan-otandyk-drigerlerdi-zakyndaryna-nagrada-tabystady/

pixel