Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда тәулігіне 50 адамнан жерленіп жатқаны рас па

Опубликовано:

Ақтау тұрғындары желіде тараған он шақты зират кадрларын талқыға салып жатыр. Ал жерлеу қызметтерін ұсынатын жергілікті агенттік өкілдері соңғы екі аптада жерлеу саны күрт өскенін айтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтауда тәулігіне 50 адамнан жерленіп жатыр
Видеодан кадр: КТК: Depositphotos

Ресми деректерге сәйкес, жалпы Маңғыстау облысында коронавирустан 12 адам қайтыс болған.

Жерлеу қызметтерін ұсынатын агенттік өкілдері бұрындары жерлеу рәсімінің саны 7- ден аспағанын айтады. Ал қазір күнде 40-50 адам жерленеді екен.

Осындай қызмет ұсынатын компаниялардың бірінің директоры Наталья Серова тілшілерге жерлеу рәсімінің күрт көбеюі бір жарым апта бұрын байқалғанын жеткізді.

Оның сөзінше, күнделікті зираттар саны бастапқыда 17, кейіннен 28, одан соң 28-ге, көп ұзамай 50-ге жеткен.

Серова өңірде өлім-жітім бірден артты дейді. Оның сөзінше, соңғы уақытта зираттарда коронавирусқа оң нәтиже шыққан және өкпесі қабынған тұрғындар жерленген.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1707 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 66 895-ке жетіп отыр.

"Қазақстанда өткен тәулікте 1707 адам коронавирус дертімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 782 адамда клиникалық белгілері жоқ", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865348-aktauda-tuligine-50-adamnan-zerlenip-zatkany-ras-pa/

pixel