Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен әйел іздестірілуде

Опубликовано:

Ақмола облысында 4 шілде күні 35 жастағы Ольга Лазарева үйден кетіп, із-түзсіз жоғалды. Осы уақыт аралығында әйел туыстарымен байланысқа шықпады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен әйел іздестірілуде
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

16 шілдеде жоғалған әйелдің енесі полицияға арыз түсірді. Оның айтуынша, 35 жастағы келіні Ольга Лазарева 4 шілдеде Көкшетаудағы үйінен шығып кеткен, содан бері оның қайда екенін ешкім білмейді. Туыстарымен байланысқа шықпапты.

Арыз түскеннен кейін тәртіп сақшылары бірден облыс орталығының тұрғыны араласқан адамдарды анықтап, достарымен әңгімелесті. Олар әйелді Ақмола облысы бойынша іздестіруде.

Ақмола облысында екі апта бұрын жоғалып кеткен әйел іздестірілуде
Фото: polisia.kz: UGC

Тәртіп сақшылары хабар-ошарсыз кеткен адамның қайда екендігі туралы білетіндердің барлығына 102-ге хабарласуды сұрады.

Сондай-ақ, полиция адамдарды туыстары кенеттен із-түзсіз жоғалға жағдайда бірнеше күн күтпей, бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 12 шілде күні Ақмола облысында 16 жастағы қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейіннен оның Нұр-Сұлтан қаласынан табылғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жасөспірім тексерістен соң ата-анасына Көкшетау қаласына жеткізілді. Оған медицина қызметкерлерінің көмегі қажет болған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865372-akmola-oblysynda-eki-apta-bryn-zogalyp-ketken-jel-izdestirilude/

pixel