Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

42 500 теңгеге өтінімдер қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

Опубликовано:

42 500 теңгені құрайтын әлеуметтік төлемді алуға өтінімдер кезең-кезеңмен қабылданады. Бұл азаматтарға ыңғайлы болуы және egov.kz пен 42500.enbek.kz порталдарында шамадан тыс жүктеме болмауы үшін жасалып отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ведомствоның мәліметінше, 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдар және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін төлемге өтінімдер қабылдау 17 шілдеде басталады.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Министрлік 700 мың қазақстандықтың 42 500 теңге төлемді проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алғанын еске салды.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

  • egov.kz – "электрондық үкімет" веб-порталы;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • telegram-bot-тар;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Ведомство өкілдері өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865482-42-500-tegege-tinimder-kabyldau-keze-kezemen-zzege-asyrylady/

pixel