Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерден 42 500 теңгеге өтінімдер қабылдау басталды

Опубликовано:

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші азаматтардан мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем алуға өтініштер қабылдау басталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан, Бірыңғай жиынтық төлемін төлеуші болып табылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар "42 000 теңге" төлеміне келесі арналар арқылы өтініш бере алады:

  • egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;
  • 42500.enbek.kz порталы;
  • telegram-боттар;
  • Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;
  • homebank.kz порталы.

Ведомство мәліметінше, төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап жіберу автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

"Бұдан бұрын хабарланғандай, 16 шілдеден бастап БЖТ төлеуші болып табылатын адамдар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін премьер-министр Асқар Мамин үкімет отысында шілде айында әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865591-birygaj-ziyntyk-tlemdi-tleusilerden-42-500-tegege-tinimder-kabyldau-bastaldy/

pixel