Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық емші коронавирус пен пневмонияның бір дерт екенін айтып дабыл қақты

Опубликовано:

Динара Орынтайқызы
Фото: ZhambylNews: Instagram

Тараздық емші Динара Орынтайқызы коронавирус инфекциясы мен пневмонияның бір дерт екенін айтып дабыл қақты. Дәстүрлі және халықтық медицинаны ұштастырған ол, әлемде қауіпті індетке арналған вакцинаның құрамына кәдімгі тұзды пайдалану керек деп отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ZhambylNews ақпарат агенттіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халық және рухани емшілер мекемесінің мүшесі Динара Орынтайқызы "көзі рентген әйел" есімімен әулиеата жұртшылығына кеңінен таныс.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгінде Ол Тараз қаласында тұрады. Әйел Құранмен емдеп, шөп дәрі жасайды.

Медицина саласында білім алып, оқу орнын тәмамдаған Динара Орынтайқызы елді дүрліктірген коронавирус індетіне қатты алаңдаулы екенін білдірді.

"Күн сайын жасы егде тартқан қарттар да, жастар да өкпе қабынуынан яғни пневмониядан қайтыс болып жатыр. Коронавирус пен пневмония бір дерт, екеуін бөліп-жаруға болмайды. Пневмония коронавирустың көрінісі",-деді халық емшісі.

Динара аталған дерт өзін де айналып өтпегенін жеткізді. Ол екі апта бойы әлсіреп, жөтел қысып, қатты науқастаныпты. 

"Бұл дертпен өзім де ауырдым. Бірақ әлсіреп тұрсам да қимыл-қозғалысымды азайтпадым. Аузым мен мұрнымды үнемі тұзды сумен шайдым. Ол барлық ауруға ем. Күнделікті тұтынатын тамақты, көкөністерді, қызанақты  ащылау яғни тұздылау етіп тұтындым. Суды көп пайдаландым, нәтижесінде ауруды жеңіп шықтым,-дейді "көзі рентген әйел".

Емші коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеу кезінде оның құрамына міндетте түрде тұз қосу керек деп отыр.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook
"Осыған дейін әлемді жайлап бара жатқан мына дерттен айығудың бір жолы –Құран кітапты көкке көтеру деген болатынмын. Сонымен қатар, ғалымдарымыз вакцина әзірлегенде құрамына тұзды пайдалануы керек. Нәтижесінде өлім азаяды. Көптеген адамдарды құтқарып қалуға болады" , — дейді Динара Орынтайқызы.

Сонымен қатар, емші залалсыздандыру жұмыстарын жүргізгенде де тұзды сұйықтықты көбірек пайдаланса вирустың таралуы азаятынын жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін ғалымдар коронавирус инфекциясын "өлтіретін" тағамдарды атаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865592-otandyk-emsi-koronavirus-pen-pnevmoniany-bir-dert-ekenin-ajtyp-dabyl-kakty/

pixel