Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір облысында қатаң карантин мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына қарсы қатаң шектеу шараларының мерзімі ұзартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің бас санитар дәрігері Марат Исмаиловтың жаңа қаулысына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Getty Images

Тиісті құжатқа сәйкес, облыс аумағында бұрын бекітілген қатаң шектеу шаралары 2020 жылдың 20 шілдесі сағат 00.00-ден 2020 жылдың 2 тамызы сағат 00.00-ге дейін ұзартылды.

Шектеу шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралу жағдайына байланысты өзгертілуі мүмкін

ШҚО бас санитар дәрігері Аягөз, Алтай қаласында, Күршім, Катонқарағай, Жарма, Бесқарағай, Үржар ауданының орталығындағы қосымша қатаң шектеу шараларын 2020 жылдың 2 тамызы сағат 00.00-ге дейін сақтау туралы қаулы шығарды.

"Жеке тұлғалар жабық нысандарды, қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде болған кезде маска киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтауы тиіс", - делінген құжат мәтінінде.

Онда қаулы ережесін жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар міндетті түрде сақтауы тиіс екені көрсетілген.

"Аудандық және қалалық санитарлық дәрігерлер карантин шараларын эпидемиологиялық ахуалға байланысты қатайтуға құқығы бар. Құжат қол қойылған күннен бастап күшіне енеді", - делінген қаулыда.

Еске сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1636 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 70 339-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865603-elimizdi-bir-oblysynda-kata-karantin-merzimi-zartyldy/

pixel