Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері қайтыс болды

Опубликовано:

Жаңаөзен қалалық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сарыев өмірден өтті. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Окуов хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: facebook.com/nurbol.konzhar
Фото: facebook.com/nurbol.konzhar: UGC

"Бүгін таңда Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының директоры Мұрат Жарылғапұлы Сарыев көз жұмды. Әлемді дүрліктіріп, алаңдатып отырған індет жаны жайсаң жандарды ортамыздан алып кетті.

Орны толмас қаза қабырғамызды қайыстырып отыр. Медицинаның дамуына елеулі үлес қосып, талай науқасты өлім аузынан алып қалған дәрігер арамыздан кетіп қалды. Мұрат ағаммен таныстығым осыдан 10 жыл бұрын Жаңаөзенде басталған еді. Ол кезде ағамыз қалалық мәслихаттың хатшысы болатын. Ағалық қамқорлығын білдірген кездері көп еді. Кейбір мәселелер бойынша ақылдасуға барғанымда, үнемі уақыт табатын. Ешқашан жоқ демейтін. Қош болыңыз, Мұрат аға!", - деп жазды Нұрбол Окуов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырау қалалық №4 емхананың рентгенолог-дәрігері Нариман Зұлпыхарұлы Ақпановтың қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар, кеше қазақстандық атақты вирусолог Марат Саятов та қауіпті дерттің құрбанына айналған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1865730-zaazen-kalalyk-auruhanasyny-bas-drigeri-kajtys-boldy/

pixel