RU

Тоқаевтың жарлығы: Асқар Жұмағалиев министр қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Асқар Жұмағалиев. Фото: facebook.com/azhumagaliyev

Асқар Жұмағалиев. Фото: facebook.com/azhumagaliyev: Facebook

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды", – делінген құжатта.

Асқар Қуанышұлы 1972 жылы Орынбор облысында дүниеге келіп, Свердлов Суворов әскери училищесінде оқыған.

Кейін Харьков жоғары әскери командалық инженерлік зымырандық әскерлер училищесіне түсіп, КСРО ыдырағаннан кейін Алматыдағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне ауысады.

Одан соң Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітіріп, Лозаннадағы Швейцария Федералдық технологиялар институтында электрондық басқару бойынша магистр дәрежесін алады.

Еңбек жолын 1996 жылы "Жарық" компаниясының бас директоры болып бастаған.

Бірнеше жылдан кейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

Тағы да оқыңыздар

Олжас Құдайбергенов президенттің штаттан тыс кеңесшісі қызметінен босатылды

Келесі жылдары көлік және коммуникация министрлігінде, байланыс және ақпараттандыру комитетінде, Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Ал 2006 жылы "Қазақтелеком"АҚ басқарды.

2010-2012 жылдар аралығында Байланыс және ақпарат министрі болып жұмыс істеді. 2012 жылғы қаңтардан бастап Көлік және коммуникация министрі қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың наурыз айында Жұмағалиев байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болды. Ал осы жылдың жазында Инвестициялар және даму вице-министрі атанды.

2018 жылғы желтоқсаннан бастап премьер-министрдің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.

2019 жылы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне келді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаевтың жарлығы: Асқар Жұмағалиев министр қызметінен кетті