Выйти
RU

Саясаткердің онлайн-отырысына кенеттен қатысқан мысық желіде жұлдыз болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шотландия парламентінің мүшесі мысығының арқасында әп-сәтте ғаламтор жұлдызына айналды. Үй жануары иесінің онлайн отырысына қатысып, жиын мүшелерін ішек-сілесін қатырған деп жазады KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Саясаткердің онлайн-отырысына кенеттен қатысқан мысық жұлдыз болды

Фото: Видеодан кадр

Ochil & South Perthshire партиясынан парламент мүшесі Джон Николсон тікелей эфирде балалар телевизиясындағы субтитрдің пайдасы туралы айтып жатқан кезде, кенеттен тікелей эфирде мысығы пайда болған.

Бұл көрініске жиын мүшелері ду күлген. Ал өз кезегінде саясаткер көшіліктен кешірім сұраған.

Роджо атты мысық кадрда тек 15 секунд болса да, бұл видео пандемия тарихындағы ең әсерлі видеолар қатарына еніп отыр.

Мысықтың жаңа жанкүйерлері оның түрін көргісі келген. Жануардың иесі көпшіліктің өтінішін аяқасты етпей, оның суретін Twitter-де жариялаған.

Тағы да оқыңыздар

"Бір тал бетперде берген": ШҚО жұрты әкімдіктің көмегіне наразы

Желі қолданушылары суреттің астына жағымды пікірлер жазып, мысықтың сұлулығына тамсанған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тікелей эфирде жүргізушіге шабуылдаған маймыл туралы жазған едік.

Белгілі болғандай мысырлық тележүргізуші Лобна Асаль тікелей эфирде маймылдың шабуылына тап болған. Жануардан шошыған әйел студиядан шығып кеткен.

Сонымен қатар үйінен тікелей эфирге шыққан журналистің әкесінің "арқасында" танымал болғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Саясаткердің онлайн-отырысына кенеттен қатысқан мысық желіде жұлдыз болды