Выйти
RU

Желіде сүйіскен қазақстандық арулардың видеосы қызу талқыға түсті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде бір-бірімен сүйіскен екі арудың видеосы тарап, көпшіліктің наразылығын тудырды. Желідегілер қос бойжеткеннің бұл қылығын қызу талқылап тастап, оларға қатысты бар ойын айтты. Белгілі болғандай, бейнежазба елордасы Нұр-Сұлтан қаласында түсірілген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.

Фото: видеодан кадр.: Instagram

Ғаламтор кеңістігінде шу тудырған видеомен Злиха есімді блогер ару бөліскен. Ол Instagram парақшасында өзге қызды ернінен сүйіп алған сәтін жариялап, бұл әрекетімен ЛГБТ ұйымына деген қолдауын білдірмек болған.

Бейнежазбада ол өзінің артынан жүгіріп шыққан сары шашты аруды құлатқандай болып, ернінен сүйіп алған. Блогер қыз атышулы видеосының астында ЛГБТ ұйымына қатысты жазба қалдырған.

"Жынысты емес, адамдарды жақсы көру керек. Жыныстық қызығушылығың қандай екені мүлдем маңызды емес. Бастысы өз абыройыңды әрекеттерімен дәлелде. Осы жігіттер не себепті гейлерді жақсы көрсейтінін білесіз ба? Себебі, олар өздеріне қыздарға қызығып қараған секілді өзге адамдар көз қырын салады деп қорқады. Өткен ай Европа мен құрама штаттарда өз жыныстық қызығушылығыңмен мақтану айы болып саналды" , - деп жазды ол.

Злиха есімду арудың парақшасында бұдан басқа да түрлі маңынадағы ашық видеолары мен фотолары да бар. Бойжеткен тіпті соңғы уақытта қызу талқыланып жатқан Көбейтұз көлінде болып, онда үстін жалаңаштап суретке түскен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желіде сүйіскен қазақстандық арулардың видеосы қызу талқыға түсті