Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық келесі жылға дейін вакцина алмайды": ДДСҰ күтпеген мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Адамдарға коронавирусқа қарсы вакцинаны салу 2021 жылға дейін басталмайды. Бұл туралы ДДСҰ денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар бағдарламасының директоры Майкл Райан айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

"Келесі жылға дейін вакцина алмайды": ДДСҰ күтпеген мәлімдеме жасады
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Адамдар вакцинаны келесі жылдың бірінші жартысына дейін ала алмайды", - деді Райан.

Ол ДДСҰ вакциналарға деген барлық сұранысты қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.

"Коронавирусқа қарсы препарат байларға немесе кедейлерге емес, бәріне арналған", - деді ол.

Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың Covid-19 күресуде атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды.

Денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шараларды қабылдау арқасында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізгенін мәлімдеді:

COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,3-ке дейін төмендеді;

сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты;

жедел жәрдемді шақырулар саны 31%-ға, оның ішінде COVID бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды;

реанимациялық төсек-орын саны 12%-ға, стационарлардағы төсек-орын 81%-дан 56%-ға дейін төмендеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866350-halyk-kelesi-zylga-dejin-vakcina-almajdy-dds-ktpegen-mlimdeme-zasady/

pixel