Выйти
RU

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады

Фото: polisia.kz: Instagram

Қызылорда облысы көлемінде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізу барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің және қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен дәріханаларда таусылған дәрілік заттарды үстеме бағамен қосып заңсыз сатудың 45 дерегі  анықталды.

Мәселен, 23 шілде күні полиция қызметкерлерімен заңсыз медициналық дәрілік препараттарды жоғары бағада сатып, кәсіпкерлік қызметпен лицензиясыз айналысқан Қызылорда қаласының екі тұрғыны, 42 жастағы ер адам пен 35 жастағы әйел ұсталды.

Ұсталған адамдардың тұрғылықты мекен-жайындағы заңсыз тіркелмеген дәріханасынан жалпы соммасы 15 (он бес) миллион теңге тұратын жүзден жоғары түрлі медициналық  дәрілік препараттар  алынды. Бүгінгі таңда бұл деректер бойынша тексеру жұмыстары жалғасуда.  

Тағы да оқыңыздар

Алматыда жасырын цехтен 100 тоннаға жуық дәрі-дәрмек табылды

Тексеру барысында анықталған заңсыз дәрі-дәрмек сату деректері бойынша заңға сәйкес құқықтық баға берілетін болады. Қызылорда облысы Полиция департаменті облыс тұрғындарынан дәрі-дәрмектерді заңсыз сату деректері анықталған жағдайда полиция бөлімшелеріне немесе “102” телефондары арқылы хабарлауын сұрайды.

Айта кетейік, 24 шілдеде коронавирус, пневмония және басқа да ауруларды емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектердің тағы бір партиясы Нұр-Сұлтанға ұшақпен жеткізілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қызылордалық полицейлер дәрі-дәрмекті заңсыз сату фактілерін анықтады