Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шектеу шараларын бұзған лауазымды шенеунік ұсталды

Опубликовано:

Авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасының басшысы 8 шілдеде мас күйде ұсталды. Бұл оқиға жөнінде енді ғана белгілі болған. Қанат Түсіпбеков карантин жарияланған кезде Алматыдағы кафелердің бірінде отырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Время" басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

Түрксіб ауданы полиция бөлімінің қызметкері ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басқарма басшысының атына әкімшілік хаттама толтырған.

Құжатта көрсетілгендей, шенекнік өзінің достарымен қараңғы уақытта кафеде мас күйде отырған. Оқиға қалада карантин енгізілген уақытта орын алған.

Түсіпбековтің өзі аталған тәртіп бұзушылық үшін айыппұл төлеп қойғанын жеткізді. Айтуынша, ол ойын-сауық мекемесінің жұмысына тыйым салынғанын білмеген, ал шектеу шараларын кафе әкімшілігі бұзған.

Айта кетейік, Қанат Түсіпбеков мас күйінде алғаш рет көзге түсіп отырған жоқ. Бір жыл бұрын ол Мәскеуде мас күйде қоғамдық орында жанжал шығарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылған.

Материалдарды көшіру және пайдалану "Время басылымы" ЖШС-нің рұқсатымен ғана мүмкін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне көлігімен кіріп кеткен жүргізуші халықтан кешірім сұраған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866700-almatyda-sekteu-saralaryn-bzgan-lauazymdy-seneunik-staldy/

pixel