Выйти
RU

"Оқ атқан ба": Желіде Qazaq Air ұшағындағы ақаулардың суреті тарап кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық журналист бұған дейін Qazaq Air атты отандық әуекомпанияға тиесілі ұшақтан анықталған күмәнді ақаулардың суреттерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: telegram.org/@kozachkow

Фото: telegram.org/@kozachkow

Әуе кемесінде түсірілген ақаулардың суреті Telegram желісіндегі Kozachkov offside парақшасында жарияланған. Фотодан ұшақ қаптамасында түсініксіз әрі күмәнді тесіктер бар екенін көруге болады.

Жазба авторының айтуынша, ұшақ үстінде мұндайға ұқсас шамамен тағы жеті ақау бар. Олардың қайдан және қалай пайда болғаны әзірге белгісіз.

"Маған ұшақтағы ақаулардың суреттерін жіберді. Олардың қайдан пайда болғанын да білмейді екенмін. Оқ атқан ба, әлде найзағай соққан ба? Мұндай тағы жеті жерінде тесік бар" , - деп жазды журналист.

Суреттерді көрген желі қолданушылары оқиғаға орай алаңдаушылық танытуда.

Тағы да оқыңыздар

Нұр-Сұлтан қаласына қонған QazaqAir ұшағынан ақаулар анықталған

Еске сала кетейік, күмәнді ақауы бар борт Өскеменнен Нұр-Сұлтан қаласына 26 шілде күні ұшып келген болатын. Индустрия мен инфрақұрылымдық даму министрлігі арнайы тексеріс кезінде ұшақтан расымен тесік тәріздес жеті ақау анықталғанын ресми түрде мәлімдеген еді.

Мамандар жүргізген тексерістен кейін қаптамасынан ақау табылған әуе кемесін тұраққа қойды. Орын алған оқиғаға байланысты Qazaq Air әуекомпаниясы аталмыш ұшақты қолдануды тоқтатты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Оқ атқан ба": Желіде Qazaq Air ұшағындағы ақаулардың суреті тарап кетті