RU

Қазақстандықтарға тамыз айында 42500 теңгенің жартысы төленеді

Қазақстандықтар тамыз айында әлеуметтік төлемақы ала алады. Бірақ, тек екі апта үшін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Қазақстандықтар тамыз айында 21250 теңге әлеуметтік төлемақы алады
Фото: Lada.kz: UGC

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға карантин созылды. Төлем беріледі. Бірақ 42 500 теңгенің жартысы 21 250 теңге төленеді",- деді ол.

Айта кетейік, үкімет пандемиядан зардап шеккен қазақстандықтарға несие төлеу үшін жеңілдік кезеңін ұсыну туралы шешім қабылдады. Мұндай жеңілдіктерге барлығы бірдей емес, тек елде енгізілген карантин режиміне байланысты қызметі тоқтатылған шағын және орта бизнестің өкілдері ғана ие бола алады.

Премьер-министр Асқар Мамин атап өткендей, мемлекеттік қолдаудың бұл шарасы бизнес-қауымдастыққа қатысты және 1 қазанға дейін қолданылады. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қосымша шаралар кешенін әзірлеу туралы шешім қабылданды.

Атап айтқанда, Қазақстан билігіне экономиканың бірқатар салаларындағы кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға дайындық үшін екі апта уақыт берілді.

Сондай-ақ, республика кәсіпкерлік қызметке тыйым салудың арнайы алгоритмін әзірлейді. Ол үшін кәсіпкерлер Info Kazakhstan порталына жүгінуі керек. Кейін компания эпидемиологтар жариялаған стандарттар мен нормаларға сәйкестігін тексереді. Рұқсаттар кезең-кезеңімен және электронды түрде беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1867530-kazakstandyktar-tamyz-ajynda-21250-tege-leumettik-tlemaky-alady.html