Выйти
RU

"Тиісті ем ала алмады": Оралда қатерлік ісіктен 33 жастағы жеті баланың анасы қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында онкологиялық ауруы бар көп балалы ана короновирусқа жүргізілген талдаудың оң нәтижесіне байланысты медициналық көмек алмай қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы сәтке дейін Гаухар дәрігерлердің көмегін күтті, фото: Uralskweek.kz

Соңғы сәтке дейін Гаухар дәрігерлердің көмегін күтті, фото: Uralskweek.kz: Instagram

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, жеті баланың анасы Гаухар Хайрушева қатерлі ісікпен ауырып, медициналық көмек ала алмаған. Оралдағы ауруханаларда Covid-19-ға қайта талдау жасалмағандықтан, оны қабылдаудан бас тартылғаны белгілі болды.

Жақындары науқас өмірінің соңғы күндерін еденде төселген кішкентай бөлмедегі көрпе үстінде өткізді деп отыр.

"Гаухар үнемі әлсіз ыңырсып жатты. Оның кішкентай денесі көрпе астында әрең байқалады, беті үнемі дымқыл. "Бұл көз жасы, олар одан үнемі ағып жатты", — деді 72 жастағы анасы Клара. Гаухар оның жалғыз қызы еді.
Марқұмның анасы, фото: Uralskweek.kz

Марқұмның анасы, фото: Uralskweek.kz: Instagram

Гаухар 22 шілдеде таңертең есін жоғалтқан. Күйеуі Ержігіт "жедел жәрдем" шақырып, науқас облыстық ауруханаға жеткізілді. Онда оған инъекция жасап, Гаухарды үйіне апаруды сұраған.

Күйеуі дәрігердің "біздің науқас емес, онкологиялық ауруханаға апарыңыз" деп айтқанын жеткізді.

Басылым мәліметінше, Гаухар онкологиялық ауруханаға қабылданбаған. 30 маусымдағы короновирусқа оң талдау қаланың барлық ауруханаларына есігін жапқан.

"Алғаш рет ол мамыр айының 20-да ауырып қалды. 9 маусымға дейін ол 3-ші емханаға тест тапсыруға барды. 16 маусымда облыстық ауруханаға түсті. Онда урологиялық ауруханада оның бүйрегіне операция жасалды. Бірақ, ауру онда болмай шықты. Операция жасаған хирург аналық бездер мен жатырда өсіп кеткен ісік көрді. Гаухар шығарылды, онкодиспансерге жолдама берді. Онда Гаухар екі күн жатты. Ол кардиомиопатия тапты. Оны кардиоорталыққа жіберді. Сол жерден ол аздап жазылып шықты", – дейді анасы Клара.

Соңғы сәтке дейін, комаға түскенше, Гаухар сауығып кетемін деп үміттеніпті.

"Менің емделуім керек", дейтін әруақытта. Онкодиспансерге барғысы келді, дәрігерлер оған көмектеседі деп сенді. Бірақ Гаухар қажетті медициналық көмек ала алмады", - деді күйеуі Ержігіт.

Марқұмның күйеуі, фото: Мой город

Марқұмның күйеуі, фото: Мой город: UGC

Осы жағдайға байланысты қалалық № 3 емхана бас дәрігерінің орынбасары Әлия Жәлелова пікір білдірді.

"Ол біздің бақылауымызда болды. Көп рет босанған. Желтоқсан айында ол отадан (кесіп алу) өтті. Егіздер болды. Бір бала аман қалды. Одан бірнеше рет тест, УДЗ, КТ алды. Маусым айының ортасында урологиялық бөлімшеде оның әйел мүшелерінде ісік табылды. Асқынған қатерлі ісік. 30 маусымда короновирусқа жасалған талдау оң болғандықтан, оны стационарлық емдеуге алған жоқ. Біз оған үйде стационар аштық, оған қажетті дәрі-дәрмектер берілді", — деді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тиісті ем ала алмады": Оралда қатерлік ісіктен 33 жастағы жеті баланың анасы қайтыс болды