RU

"Уайымдаймын": Иманбаеваның ұлы оның тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы анасының жеке өміріне алаңдаушылығын білдірді. Асылжан Әбдімүтәлиев оның екінші мәрте тұрмысқа шығуына қатысты қандай ойда екенін айтты. Ол бүгінде бұл мәселе жайында қатты уайымдап жүргенін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ "Опмай-опмай" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/aigul_imanbayeva.
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva.: Twitter

Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаеваның ортақ баласы ата-анасы ажырасып кетсе де, олардың өз бақытын табуға толық құқысы бар деп есептейді. Асылжан үшінші рет үйленген әкесіне қалай қолдау білдірсе, анасына да солай қарайтынын айтты.

Ол Иманбаеваның екінші мәрте тұрмысқа шығуына мүлдем қарсы емес екенін алға тартты. Керісінше, жас жігіт оның жалғыз қалып қалмауын қалайтын болып шықты.

"Мен мүлдем қарсы емеспін. Менің қатты қорқынышым да сол. Анам жалғыз қалып қоя ма деген. Оған қатты уайымдаймын. Олай болып жатса, мен керісінше қатты қуанар едім. Себебі, ол деген қиын. Көріп те жүрміз ғой. Анам жалғыз қалып қалса, кейін ол маған да ауыртпашылық болады. Сол себепті, қазірден немесе алдағы уақытта біреуі болса, жеңілдірек болар еді. Қазір байқалмайды, бірақ уақыт өте келе сезілетін болады. Сондықтан қасында бір жұбайы болғанын қалаймын" , - деді Асылжан Әбдімүтәлиев.

Тағы да оқыңыздар

"Қоғамға пайдалы болу керек": 18 жастағы ерікті өз еркімен ауруханаға жұмыс істеуге барған

Сонымен қатар, өнер иесі жеке өміріндегі жаңалықтарды үнемі ұлымен бөлісіп тұратыны белгілі болды. Әншінің баласы сұхбаты барысында бүгінде анасының сүйіктісі жоқ екенін айтып қойды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Уайымдаймын": Иманбаеваның ұлы оның тұрмысқа шығуына қатысты ойын айтты