RU

Сәкен Сәрсенов ішкі істер вице-министрі қызметіне тағайындалды

Telegram logo VKontakte logo

Ішкі істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке бұған дейін "Қазпоштаны" басқарған Сәкен Сәрсенов келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сәкен Сәрсенов. Фото: "Қазпошта" АҚ ресми сайты

Сәкен Сәрсенов. Фото: "Қазпошта" АҚ ресми сайты: Facebook

"Мемлекет басшысының өкімімен Сәкен Сейтжаппарұлы Сәрсенов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды", – делінген құжатта.

Сәкен Сейітжаппарұлы Сәрсенов 1977 жылы 2 ақпанда қазіргі Түркістан облысында туған.

Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын "Ақпарат өңдеу және басқарудың автоматтандырылған жүйесі" мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеді, қаржы министрлігі "қаржылық жүйелерді ақпараттандыру орталығы" РМК ақпаратты қорғауды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Қазақтелеком" АҚ электрондық қызметтер бойынша басқарушы директоры сынды лауазымды қызметтерді атқарды. 

Тағы да оқыңыздар

Ербол Оспанов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

2017 жылдан 2020 жылға дейін "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына Қанат Алпысбаев тағайындалғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Сәкен Сәрсенов ішкі істер вице-министрі қызметіне тағайындалды