RU

"Биыл келін сыйлаймын": Дидар Кәден жақын арада екінші мәрте үйленбек

Telegram logo VKontakte logo

Отандық танымал актриса Лидия Кәденованың ұлы жақын арада оған келін сыйлап қуантпақ. Дидар Кәден осы жылдан қалмай, екінші рет үйленетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дидар Кәден
Фото: Instagram/didarkadenkz

Белгілі актер қуанышты жаңалығымен Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен. Ол екінші мәрте шаңырақ көтергелі жатқанын өз оқырмандарына айтуды жөн көрген. Дидар Кәден бұл хабарды ерекше өлең жолдарымен жеткізген.

"Сүйгендер сүйгендерін сүйікті етсін, Махаббаттың тұғырын биіктетсін Мен де биыл анама келін сыйлайм Дүние жанбақ түгілі күйіп кетсін" , - деп жазған Кәденованың ұлы.

Өнер иесі парақшасында анасымен түскен фотосын жариялап, оның астына "Қазақ елінен минус бір бойдақ" деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары Дидар Кәден үшін аса қатты қуанып, бұл жаңалықты асыға күткендерін жарыса жазуда. Олар актерді құттықтап, сүйіктісі екеуіне ақ тілектерін жаудырды.

Айта кетейік, Дидар Кәден бұған дейін отбасылы болған. Алайда, өнер иесінің бірінші әйелімен дәм-тұзы жараспай, некесі сәтсіз аяқталды. Ерлі-зайыптылардың ортақ Дияр есімді ұлдары бар. Бүлдіршін бүгінде анасымен бірге тұрады. Бірақ, демалыс күндері әкесімен жиі көрісіп тұрады.

Марина Рыжакова

Тағы да оқыңыздар

Алты жасар қызы көз жұмған алматылық келіншек жанайқайын айтты

Еске сала кетейік, Лидия Кәденованың бұрынғы келіні ажырасқан соң, психолог мамандардың көмегіне жүгінгенін айтқан болатын. Айым Алтынбекова екі ай бойы барып, олардан түрлі кеңес алған болып шықты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
"Биыл келін сыйлаймын": Дидар Кәден жақын арада екінші мәрте үйленбек