RU

Қазақстандық әскери дәрігерлер Бейрутқа жетті

Telegram logo VKontakte logo

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасағы межеленген пунктке аман-есен жетті.

MO_10/8
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бейрут халықаралық әуежайында жасақты Қазақстан Республикасының Ливан Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Ержан Қалекенов, Ливан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі бригадалық генерал Аби Карам және Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани қарсы алды.

MO_10/8(2)
Фото: Қорғаныс министрлігі
«Біз Ливанға көмек көрсетудегі Қазақстанның осы игі ісін бағалаймыз және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз», - деді Ливан Сыртқы істер министрлігінің өкілі Али Дирани.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың сәуір айында төтенше жағдай кезінде елде коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтар құрылды. Олар жедел әрекет етуге және Қарулы Күштер қолбасшылығының арнайы міндеттерін орындауға арналған. Әскери дәрігерлер еліміздің түрлі аймақтарында тапсырмаларды орындады және қазір ел басшылығының тапсырмасы бойынша Ливан халқына медициналық көмек көрсету үшін алға шықты.

Қарулы күштер

Тағы да оқыңыздар

Әскери дәрігерлер зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшады

MO_10/8(3)
Фото: Қорғаныс министрлігі

Әр түрлі жағдайда жұмыс істеу үшін арнайы мақсаттағы әскери-медициналық жасақтың персоналы бітімгершілік дайындық бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқыту курстарынан өткен.

Естеріңізге сала кетейік, 8 тамыз күні таңертең ҚР Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша порттағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін құрамында 29 әскери дәрігер мен 4 аудармашысы бар топ Бейрутқа жіберілген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Қазақстандық әскери дәрігерлер Бейрутқа жетті