RU

Коронавирус жұқтырған тағы үш балаға Кавасаки синдромы диагнозы қойылды

бала маска
Көрнекі фото: pixabay.com

ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі елде коронавирустық індет басталғалы бері 3 науқас балаға сирек кездесетін Кавасаки синдромы диагнозы қойылғанын айтты. Мұндай жағдайлар Петропавлда, Алматыда және Нұр-Сұлтанда тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовтің сөзінше, Қазақстанда эпидемия басталғалы 2200-ден астам бала коронавируспен ауырып шыққан, олардың 114-і ауруханаларда вируспен күресуін жалғастырып жатыр.

Дәрігерлер барлық ауру жұқтырған балалардың арасынан үшеуінен сирек кездесетін Кавасаки синдромын анықтаған.

Айта кетейік, бұл синдром денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді және жүрек-қан тамырлары жүйесіне салмақ түсіріп, орта және кіші артериялардың зақымдануымен безгек пайда болатыны айтылады.

Қожахметов бүгін Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысымен сөйлескенін жеткізді. Ол елордада емделіп жатқан Кавасаки синдромы бар баланың жағдайы туралы айтты. Оның жағдайы тұрақты, бірақ жағдай күрделі де бағалануда.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысында коронавирус жұқтырған балалардан сирек кездесетін Кавасаки синдромы анықталғаныны хабарлаған едік.

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Самат Данияров олардың бірі бес жаста, екіншісі 15-те екенін атап өтті.

Сонымен қатар бүгінгі брифингте Бағдат Қожахметов Қазақстанда коронавирустың тағы бір толқыны күтілетінін мәлім етті.

Ресми өкіл коронавирустың "екінші толқыны" емес, "жаңа толқыны" деп атауды жөн көретінін айтады, өйткені "толқындардың реті болмайды".

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1868873-koronavirus-zktyrgan-tagy-s-balaga-kavasaki-sindromy-diagnozy-kojyldy.html