RU

Үшарал гарнизоны тексерілді

Telegram logo VKontakte logo

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үшарал гарнизонына жұмыс сапарымен барды. Қорғаныс ведомствосының басшысына жауапты лауазымды тұлғалар қызметтің ағымдағы жай-күйі, әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігі және жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, гарнизондардың инфрақұрылымы мен түйткілді мәселелері туралы жеткізді.

Үшаралда
Фото: Қорғаныс министрлігі

Жұмыс сапары барысында министр зымыранды-артиллериялық қару-жарақ қоймаларын, авиациялық зақымдау құралдарын, казармалар мен сыныптарды тексерді.

Гарнизонның әскери бөлімдері автотұрағының, әскери лазареттің, авиациялық комендатураның, санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының инфрақұрылымымен танысты.

Ведомство басшысына Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жасалған дронға қарсы қарудың жұмысы көрсетілді. Әскери инженерлерді дамыту сапа мен баға өлшемі бойынша шетелдік аналогтармен салыстырғанда едәуір артықшылыққа ие болып табылады.

Үшаралда4
Фото: Қорғаныс министрлігі

Сонымен қатар, ҚР ҚК санитарлық-эпидемиологиялық орталығы базасындағы ПТР-зертхананың қызметі тексерілді.

Министр Армия халықаралық ойындары-2020 аясында өтетін "Танк биатлоны" сайысына қатысушыларымен кездесті.

Биыл қазақстандық команда аталмыш сайыста ғана бақ сынайтын болады. Бұл жалпыкомандалық жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді. Өйткені бірнеше конкурс нәтижесі бойынша көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.

Індет

Тағы да оқыңыздар

Алтай Көлгінов елорда тұрғындарына үндеу жасады

Сондай-ақ, бақ сынайтын әрбір команданың жеңіс тұғырынан көріну мүмкіндігі әрқашан жоғары. Еліміз атынан сынға түсетін жауынгерлер жеңістен үмітті екендігін атап өту керек.

"Сіздердің дайындық деңгейлеріңіз Мәскеу маңындағы "Алабино" полигонында лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Сіздер өз ауыр машиналарында өнер көрсететін ең мықты командалармен сынға түсулеріңіз керек.

Осындай жағдайларға қарамастан, қазақстандық танк мамандары арнайы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында әрдайым жүлделі орындарға ие болады", - деді Нұрлан Ермекбаев.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

comments icon Пікірлер
Развернуть
Үшарал гарнизоны тексерілді